Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы музыка өнері
Ұжымдық еңбекте Қазақстанның тəуелсіздік кезеңіндегі музыка өнерінің болмысы мен көркемдік ағымдары ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Мұнда бірыңғай концепцияда жүйеленген, жан-жақты ашылып жазылған көлемді ғылыми очерктер мағыналы жəне мəнді мəдени құбылыстарды қамтып, зерттеу нысанына айналған. Сонымен қатар, оларға тəн тақырыптық, жанрлық,стильдік сипаттары айқындалды. Бұл күрделі жəне өзекті мəселелерді саралау барысында еңбек екі бөлімге жіктеліп, оның біріншісінде – дəстүрлі музыка түрлері (үйлену əдет-ғұрып əндері, қобыз жəне домбыра күйлері, айтыс жəне əншлік орындаушылық өнері), ал екіншісінде – кəсіби жазба музыка өнерінің (опера, көпшілік қауымға арналған əн, эстрада, оның ішінде поп, рок музы- касы, ДЭККО, эстрада үлгісіндегі ысқышты аспапта орындаушылық өнері) қазіргі уақыттағы жағдайы пайымдалған.
Басылым музыкатанушы жəне мəдениеттанушы мамандарға, музыкалық жəне педагогикалық жоғары жəне орта оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына, сондай-ақ ұлттық өнердің қазіргі кездегі ахуалына қызығушылық білдіретін оқырмандарға арналған.
Бөлісу: