Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде 8 том
19.01.2038
7469
«Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде» ғылыми жобасы аясында ҚР Байланыс және ақпарат министірлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің “Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару” бағдарламасы бойынша жарық көріп отырған - «Арғын» атты еңбектерде ерте орта ғасырлардан ХХ ғасырдың басына дейінгі Арғын тайпасының тарихы баяндалған. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде арғындардың арғы бабаларының тарихи тағдыры, олардың Мәуереннахр, Шағатай мен Жошы ұлысы және Алтын Орда құрамындағы және олар ыдырағаннан кейінгі Ноғай Ордасы, Ақ Орда, Моғолстан, Әмір Темір және оның ұрпақтары, мемлекеті, сондай-ақ Қазақ хандығы тұсындағы, этникалық процесстердегі, ұлт-азаттық қозғалыстарындағы орны мен рөлі көрсетілген. Тарихымызда зерттеле қоймаған «ақтаңдақ» мәселелер – Орта жүздегі көпсанды тайпалардың бірі арғындардың этникалық тамыры, оның шежіре деректері, түркі халықтарында және қазақ жерінде шашырай орналасуының себеп- салдарлары және т.б. көптеген тың мәліметтер негізінде баяндалған.
Том тарихи суреттермен, карталармен, ғылыми аппаратпен, көрсеткіштермен безендірілген. Тарихшыларға, Отан тарихы пәнінің оқытушыларына, еліміздің, қазақ халқының күрделі тарихының этникалық мәселелері қызықтыратын оқырмандардың қалың тобына арналған.
Бөлісу: