Шәкәрімтану мәселелері 1 том

19.01.2038 9134

Шәкәрімтану мәселелері сериялық ғылыми жинағының бірінші кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын қарастырған еңбектер енгізілген.

Жинақтың мақалалар бөлімінде Мұхтар Мағауиннің “Ақын, тарихшы, философ”, Қайым Мұхаметханұлының  “Шаһкәрім” және Рымғали Нұрғалидың  “Еңлік-Кебек трагедиясы” еңбектірі берілді. Естелік бөлімінде Ахат Шәкәрімұлының  “Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім” естелігі берілген. Шәкәрімтану тарихынан бөлімінде Әлихан Бөкейхановтың  “Қалқаман - Мамыр”, “Түрік,қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі”, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтың  “Абайдан соңғы ақындар” және Мұхтар Әуезовтың  “абай ақындығының айналасы” мақалалары берілді. Сондай-ақ, қазіргі дайындалып жатқан тұлғалық  “Шәкәрім” энциклопедиясыеың сөзтізбесі де осы кітапқа енгізілген.

Еңбек зерттеуші мамандарға және Шәкәрімтану мәселелеріне қызығушы зиялы қауымға арналған.

Бөлісу: