Шәкәрімтану мәселелері 2 том

19.01.2038 5676

Шәкәрiмтану мәселелерi сериялық ғылыми жинағының екiншi кiтабына Шәкәрiмнiң өмiрi мен шығармашылығын қарастырған еңбектер енгiзiлген.

Жинақтың мақалалар бөлiмi Жабайхан Әбдiлдиннiң «Алаш азаматтарының ақталуы» мақаласымен ашылады. Шәкәрiмтану мәселелерi сериялық жинағының 2-кiтабына әр жылдары Шәкәрiм туралы жазылған Мұхаметжан Қаратаев, Зәки Ахметов, Мүслiм Базарбаев, Тұрсынбек Кәкiшев, Рахманқұл Бердiбай, Шериаздан Елеукенов, Шәмшиябану Сәтбаева, Әнуар Дербiсәлин, Немат Келiмбетов, Алма Қыраубаева, Ғарифолла Есiм, Ерлан Сыдықов, Арап Еспенбетов, Өтеген Күмiсбаев, Зейнол-Ғабден Бисенғали, Серiк Негимов, Балтабай Әбдiғази, Бақытжан Майтанов, Бақытжан Рақымжанов және Тұрдығұл Шаңбайдың мақалалары ендi. Шәкәрiмтану тарихынан бөлiмiнде Серiк Қирабаевтың мақаласы берiлдi. Жинақтың келесi қаулы бөлiмiнде Ақын Шәкәрiмнiң творчестволық мұрасы жөнiнде атты Шәкәрiм шығармашылығын ақтау қаулысы берiлген.

Еңбек зерттеушi мамандарға және жалпы аспиранттарға, магистранттар мен студенттерге арналған.

Бөлісу: