Қазақстанның ежелгі қалалары

19.01.2038 14300

Бұл кітапта Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалардың толық тізімі берілген. Қалаларды сипаттауда тарихи деректер ғана емес, ибн Баттута, әл-Мақдиси, Сюань-Цзянь, Гильом Рубрук, Плано Карпини, Марко Поло сияқты ортағасырлық саяхатшылардың жолжазбалары, естеліктері, күнделіктері де қолданылды.

Қолдарыңыздағы бұл кітаптап Сіздер қытай, араб, парсы және ежелгі түркі тілдерінде кездесетін, сонымен қатар, археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған “Ұлы Жібек Жолы” бойындағы ежелгі қалалар мен оның өмірбаяны, тарихи ескерткіштері туралы соңғы кездерде анықталған құнды мағлұматтар аласыздар.

Кітаптағы фотосуреттер автордың жеке қорынан және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының мұражайынан алынған.

Бөлісу: