Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде 10 том

19.01.2038 8488

«Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында ҚР Байланыс және ақпарат министірлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің “Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару” бағдарламасы бойынша жарық көріп отырған төрт кітаптан (VІІ, VІІІ, ІХ, Х т.) тұратын - «Арғын» атты еңбекте ерте орта ғасырлардан ХХ ғасырдың басына дейінгі Арғын тайпасының тарихы баяндалған. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде арғындардың арғы бабаларының тарихи тағдыры, олардың Маураннаһр, Шағатай мен Жошы ұлысы және Алтын Орда құрамындағы және олар ыдырағаннан кейінгі Ноғай Ордасы, Ақ Орда, Моғолстан, Әмір Темір және оның ұрпақтары, мемлекеті, сондай-ақ Қазақ хандығы тұсындағы, этникалық процестердегі, ұлт-азаттық қозғалыстарындағы орны мен рөлі көрсетілген. Тарихымызда зерттеле қоймаған «ақтаңдақ» мәселелер – Орта жүздегі көпсанды тайпалардың бірі - арғындардың этникалық тамыры, оның шежіре деректері, түркі халықтары арасындағы және қазақ жерінде шашырай орналасуының себеп-салдарлары және т.б. көптеген тың мәліметтер негізінде қарастырылған.

Том тарихи суреттермен, карталармен, ғылыми сілтемелермен, көрсеткіштермен безендірілген. Еңбек тарихшыларға, Отан тарихы пәнінің оқытушыларына, еліміздің, оның ішінде қазақ халқының күрделі тарихының этникалық мәселелері қызықтыратын оқырмандардың қалың тобына арналған.

Бөлісу: