Ежелгi және орта ғасырлардағы Отырар
19.01.2038
7732
«Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша шығарылып отырған бұл кiтапта ежелгi Отырар және басға Отырар алқабының қалалары сөз болады. Осы арадағы көп жылдық жұмыс барысында Отырар, Құйрықтөбе, Көк-Мардан, Күйiк-Мардан қала орындарынан керамикадан, шыны, металл, сүйек, ағаштан жасалған бұйымдар көптеп табылды. Аршылған сарайлар, мешiттер, көше орамдары, жүздеген бөлмежайлар, монша, шеберханалар орта ғасырлардағы қала жобасының архитектуралық ерекшелiктерiн бiлуге, оның қолөнерi, саудасы, қазақстандың көшпендiлер мәдениетi мен қалалық өркениетiнiң, сондай-ақ көршi елдермен арасындағы байланысты, Қазақ хандығы тарихындағы қалалардың рөлiн анықтауға көмектеседi.
Көпшiлiк оқырманға арналған.
Бөлісу: