Қазақ руханияты: Тарихи-философиялық және этномәдени негіздер
Ұжымдық монографияда қазақ халқының руханиятының қалыптасуы мен дамуының тарихи-философиялық және этномәдени негіздері заманауи құндылықтар тұрғысынан сраптаулан өткізіледі. Авторлар қазақ халқының рухани әлеміндегі түркілік дәуірден дәстүр жалғастығын сақтаған, сондай-ақ басымдық танытқан өркениет үлгілері мен этномәдениетіндегі құндылықтық бағдарларды өзіндік рухани қазына ретінде қарастырады. Олардың қазіргі тарихи кезеңімен рухани сабақтастығы және кейбір тарих дәуірлердегі әлеуметтік ортадағы саяси ұстанымдармен қайшылыққа келуі жан-жақты байыпталады.
Кітап философия тарихы мен қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін зерделеуге ұмтылатын мамандарға, сонымен қатар жоғары оқу орындарының гуманитарлық саласының оқытушылары мен студенттеріне, докторанттарға арналған.
Бөлісу: