Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі 3 том
19.01.2038
11661
Энциклопедияның үшінші томы барлығы 1173 категориялар, ұғымдар мен атауларды (когнитивтік түзілістерді) қамтиды. Басылымда қазақы (көшпелі) ортадағы қоғам, адам және қоршаған табиғи ортаның арасындағы сан-салалы қатынастардың субъектілерін, объектілерін, сондай-ақ, осы қатынастардың жүзеге асырылу жолдары мен механизмін (ілкімді принциптері мен нормаларын) білдіретін когнитивтік түзілістер қарастырылады. Тиістісінше олардың этнографиялық мән-мағынасы сипатталады. Энциклопедия ғалымдарға, жоғарғы және арнайы орта білім саласының мамандарына, қалың көпшілікке арналып отыр.
Бөлісу: