Шәкәрім әлемі

19.01.2038 9522

Абайдан кейінгі ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілі, ойшыл ақын, жазушы, философ, тарихшы, сан қырлы талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұралары жөнінде алғаш рет монографиялық деңгейде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тұңғыш докторлық диссертация қорғаған белгілі Шәкәрімтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлының бұл еңбегінде Шәкәрім шығармашылығына негіз болған әдеби дәстүрлердің түп төркініне барлау жасалып, Шәкәрімнің поэзия, проза, көркем аударма саласындағы суреткерлік тұлғасы, әр жанрдағы туындыларының көркемдік бояуы, тақырыптық бағдары, қайталанбас қырлары ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданады.

Шәкәрімнің ақындық әлемі, жазушылық әлемі, аудармашылық әлемі, философ, тарихшы ретіндегі әлемі тұтас көркемдік-эстетикалық құбылыс дәрежесінде тұңғыш рет қарастырылып отыр. 

Бөлісу: