Қалижан Бекхожин поэмаларының поэтикасы
19.01.2038
8691
Қазақ әдебиеті тарихында поэма жанрын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, қырыққа жуық поэма жазған эпик ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық ақыны Қалижан Нұрқожаұлы Бекхожиннің шығармашылығы бүгінгі күн тұрғысынан қайта бағаланған бұл зерттеу еңбегі екі негізгі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде ақын шығармаларының тарихи-тақырыптық сипаты мен жанрлық түрлері анықталып, образ жасау және типтендіру, азаматтық әуен, автор көзқарасы, көркемдік ізденістер мәселелері қарастырылады. Екінші бөлімде поэмалардың көркемдік, тілдік, ұлттық-этникалық ерекшеліктері сараланып, азаттық идея, фольклорлық сарындар мен ұлттық таным, көркемдік-эстетикалық нысана негізге алынып, поэтикалық тұрғыдан талданады.
Еңбек ақын Қ. Бекхожиннің (1913—1990) 100 жылдық мерейтойына орай ұсынылып отыр.
Кітап әдебиет, тіл, мәдениет, тарих, этнопедагогика, философия, саясат және т.б. қоғамдық-гуманитарлық сала мамандарына және руханият мәселесіне бей-жай қарамайтын көпшілік қауымға арналған.
Бөлісу: