Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының І томы
05.09.2017
15429
Мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының І томына «Қырық мысал» (1909, 1913, 1922), «Маса»(1911, 1922) жинақтары және «Қазақтың бас ақыны» (1913), «Әдебиет танытқыш» (1926) атты іргелі ғылыми зерттеулері еніп отыр.
Жинақ бұған дейін жарық көрген басылымдармен салыстырылып, кезінде кеткен мәтін ішіндегі кейбір қателер түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілді. А.Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы тәуелсіздік кезеңдегі қазақ ғылымына аса қажет екені айқын.
Кітап ЖОО студенттері мен оқытушыларына, ғалым-зерттеушілерге, жалпы әдебиет сүйер оқырман қауымға арналған.
Бөлісу: