Бір тамшы ғұмыр

19.01.2038 7399
Дәуітәлі Стамбеков (26.01.1947, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат - 07.06.1999, Алматы) -  ақын. Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетін бітірген (1974). "Алтын бесік", "Мазасыз маусым", "Нұрлы әлем", "Бұлақтар даланы аңсайды", "Жұмағым мен тұмағым" атты өлеңдер мен поэмалар жинақтарының авторы. Ол орыс классиктері мен достас елдердің айтулы ақындарының өлеңдері мен поэмаларын аудармасында үлкен үлес қосқан. Б. Кенжеев, Б. Қанапияновтардың кітаптарын қазақ тіліне аударған. "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық байқаудың бірнеше дүркін жүлдегері. Халыкаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (1999).

Бөлісу: