Жоғалған қыз

19.01.2038 10407
Талайлы тағдыр қазақтың төзімін қай қиырларда сынап көрмеген десеңізші?! Моңғолдар ортасында жүріп, өмір теперішін көп көрген
Ертай бейнесі Елеусіз Мұқамадиұлының «Жоғалған қыз» романын-да Баян-өлгей қазақтарының алдыңғы қатарлы өкілі ретінде көрінеді. Сан өткелектен, өмір тезінен өткен басты кейіпкер қиындықтармен күресудің үлгісі ретінде көкейге жылы ұялайды. Ғұмырының бар қызығы, жалғыз үміті – кішкентай Бағила-Байгалмасынан тірідей айырылып, сан тарау тағдыр соқпағы қаншама рет түйісіп тұрса да қызымен кездесе алмауы романда тартымды баяндалады. «Жоғалған қыз» романы шытырман окиғаларымен ғана емес, адами мінездерге бай, жанды кейіпкерлерімен де, тартысқа толы, шыншыл өмір суреттерімен де құнды.

Бөлісу: