Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы
19.01.2038
6580
Атажұрттан қияндап ұзап, алыстағы Шүй жеріне қоныс тепкен қазақтардың дүрбелеңге толы өмірі ресейлік Пионер Мұхтасыровтың «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» кітабында нақты деректерге сүйене отырып көрсетіледі. Бұл өңірді өзге біраз жұрттан бұрын келіп мекен еткеніне қарамастан, олардың қуғын-сүргінге, қудалауға ұшырауы жиі. Әсіресе, өзіміз жетпіс жыл бойы мадақтап келген Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі кезең қазақтарға тым ауыр тиеді. Олардың Ресей большевиктерінен көрген тауқыметі Қытай мен Моңғол асып кеткен өзге қандастарымыздан еш кем емес.
Автор тақырыпты толық ашу үшін көркем әдебиет пен деректі прозаға тән тәсілдерді шебер ұштастыра білген. Өткен күн, аққан сумен бірге көмескіленіп сөнуге, жоқ болуға тақаған ежелгі шешендік дәстүрлеріміз бұл кітап арқылы жадымызда қайта жаңғыра түседі. Жазушының оқырман көңілін елең еткізер бір табысы да осы болса керек.
Бөлісу: