Бақытқа жету әліппесі

19.01.2038 8241
Жалпы көпшілікке, мешіттер мен медреселердің оқытушыларына, шәкірттеріне, мұсылман және халықтық педагогикалық мектептерге арналып, оқырман қолына тиіп отырған бұл еңбек мұсылман әлемі әйгілі ғұламасының адамның өзін танып білуі арқылы бір Жаратушының бар екенін мойындауы керектігі, жантану, тәнтану, ділтану мен тіл жайында руханият мәселелерінің шындықтағы көрінісі туралы философиялық көзқарастардан тұрады.
Кітаптың ең басты ұйытқысы – мәні терең көптеген мысалдар, дәлелдер арқылы Алланың бар екеніне иландыру, имандылыққа шақыру.
Аударманың түпнұсқа қолжазбасы Әмзе Қалмырзаұлының жүйелеуі негізінде «Қасиет» баспасынан (Алматы, 1998 жыл, 120 бет) жарыққа шыққан. Бұл еңбек Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қолдауымен марқұм Тұрсынәлі Айнабекұлының отбасында сақталған нұсқадан құқықтық мұрагерлікті иеленуші балаларының келісімі бойынша көшіріп басылды.

Бөлісу: