Қазақ өнерінің антологиясы. Айтыс. Т. VII.

19.01.2038 6340
Қазақ өнерінің антологиясының бұл томына Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мемлекеттерінде тұратын қазақ ақындарының таңдаулы айтыстары енгізілді. Халық болған жерде оның әдебиеті мен мәдениетінің бірге дамитыны ақиқат. Айтыс десе елең етпейтін, делебесі қозбайтын қазақ баласы кем де кем. Осы тұрғыдан алғанда шет елдерде тұратын қандастар арасында да айтыс өнері айтарлықтай дамыған деп айтуымызға болады. Ұлт мәдениеті біртұтас, шекара шетіндегі бұл айтыс үлгілері қазақ әдебиеті қорын молайта түседі деп ойлаймыз.
Антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін қалың оқырманға арналады.

Бөлісу: