Қазақ өнерінің антологиясы. Айтыс. Т. III

19.01.2038 7471
Айтыстың бұл томына Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы және Ұлы Отан соғысы тұсындағы ақындар айтысы енгізілді. Кеңес дәуіріндегі ақындардың айтыс жырларында ел жуандарын әшкерелеу, қалың мал мен әменгерлікті сынау, тап тартысын көрсету, ауылды советтендіру сияқты тақырыптар қозғалса, 1943 жылы ұйымдастырылған I Республикалық халық ақындарының айтысы классикалық ауыз әдебиеті дәрежесінде өткені мәлім. Шашубай, Майасар, Нұрлыбек, Үмбетәлі, Кенен, Тәңірберген, Қуат, Жақсыбай, Молдахмет, Нұрхан, Әлібек, Орынбай, Нартай айтыстары отаншылдық рухымен ерекшеленеді. Сондай-ақ Жібек пен Құмар, Желеу мен Көпбай, Қайып пен Ілияс, Қалқа мен Қуат айтыстары беріліп отыр.
Антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін қалың оқырманға арналады.

Бөлісу: