Блоги
Әлемнің 29 кітапханасында қазақ әдебиеті мен мәдениет орталығы бар
Ұлттық академиялық кітапхана мәдени және тарихи бағытта жұмыс істейді.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында өткен 2018 жылдың қорытынды есебі мен Елбасы Жолдауы мен бағдарламалық мақалаларын насихаттау бойынша Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы баспасөз конференциясында мәлім етті.
Жалпы алғанда, есептік кезеңде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 2018 жылы мыңнан аса іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 51 640 адам қатысқан, оның ішінде Қазақстанның мәдени және тарихи құндылықтарының халықаралық тартымдылығын арттыруға бағытталға 40-тан аса түрлі мәдени-имидждік іс-шараларды кең ауқымды түрде өткізді. Бұл «Әлем астаналарының шежіресі», Халықаралық оқу конгресі, Балалар жазушыларының халықаралық форумы, «Астана қаласының мәдени мәтіні» және т.б. іс-шаралар болып табылады. Айта кетейік, өткен 2018 жылы Ұлттық академиялық кітапханада өткен іс-шаралар елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отырды.
2018 жылдың 23 сәуірінде Балалар әдебиеті жылына орай жалпы қоры 12477 данадан тұратын Балалар кітапханасы ашылды. Онда және 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды.
Бүгінгі күні 1,5 миллионнан астам кітап қоры бар және әрдайым толықтырылып отырады.
ҚР Ұлттық академиялық кітапхана базасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің халықаралық кітапханалық стандарттарға сәйкес әзірленген және бүкіл әлемдегі кітапханалық каталогтармен бірлесе отырып, Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кітапханалық желісін құруды көздейтін Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапхана жобасы табысты түрде жүргізіліп келеді. ҚазҰЭК қоры шамамен 50 000 құжатты құрайды.
Кітапхананы пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Ұлттық академиялық кітапханада 32 зал жұмыс жасайды. 2018 жылы тағы 3 зал ашылды: қазақ жазушысы және ақыны Нұрғожа Ораздың қорындағы кітаптары бар «Астана» залы, белгілі саясат және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы атындағы зал, түркітілдес елдердің ғалым-түрколгтары Бейсенбай Кенжебаев пен Немат Келімбетов атындағы залдар бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының табысты қызметтерінің бірі – халықаралық іс-шаралар болып табылады. Кітапхана көптеген халықаралық ұйымдармен, соның ішінде білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ЮНЕСКО-мен белсенді ынтымақтастық жасауда. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ү.Д. Мұңалбаева 2016 жылдан бастап ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссия қарамағындағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік бағдарламасының еске алу комитетінің төрағасы болып табылады. Кітапхана ИФЛА, БАЕ сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста.
Бүгінгі таңда әлемнің 29 кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді.
2018 жылы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру аясында Сеул, Лондон, Берлин және Нью-Йоркте Қазақстанның әдебиеті мен мәдениет форумы өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыптары: адамдарға жақындастырудағы мәдениет пен әдебиеттің рөлі, жаһандану жағдайында ұлттық әдебиеттің даму үрдістері, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен этносаралық мәдениетті қалыптастырудағы әдебиеттің рөлі, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсері болды.
Іс-шараға жазушылар, ақындар, драматургтар, ғалымдар мен зерттеушілер, әдебиеттанушылар, журналистер, режиссерлер, суретшілер, музыканттар, барлығы 40 адам, соның ішінде Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Ұлықбек Есдәулет, Бексұлтан Нұржекеев, Алдан Смайл, Несіпбек Айт және басқа да мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.