Ақынның өлімі (аударма)
Ақынның өлімі– Михаил Лермонтовтың А.С.Пушкиннің дуэльден кейін қайғылы қазасына арнап жазған өлеңі.
АҚЫННЫҢ ӨЛІМІ.
Ақын өлді! — намыстың тұтқыны,
Құлады, жала жабылды өсек-аяңмен
Кеудесінде қорғасын және кек алуға құлшынған ,
Тәкаппар басы жансыз төмен иілген!..
Ақынның жаны нәзік төзбеді
Ұсақ-түйек шағымдардың ұятына
Дүниенің пікіріне қарсы шықты.
Жалғыз, бұрынғыдай... және өлтірілді!
Өлді!.. енді қажеті не жылаудың
Бос мақтаулардың, қажетсіз хордың
Және ақтау туралы аянышты сөздердің?
Үкімі орындалды тағдырдың!
Сіздер емес пе, басында күлген
Мазақтап еркін, батыл қалауын
Кішкене шоқты жабыла үрлеп
Тұтатқан өсек алауын?
Ал енді? қуаныңдар... – ол азаптың
Соңғыларына шыдай алмады
Ғажайып данышпан шырақтай сөнді,
Салтанатты гүл шоғы солып қалды,
Қанішер өлтіруші суық қанды,
Соққыны көздеді... құтылу жоқ
Қатал жүрек біркелкі соғады.
Қалтырамай тапанша қолындағы
Және не деген ғажап?.. алыстан,
Тура тиді нысанаға алдындағы.
Жүздеген қашқын сияқты,
Бақыт іздеп шен мен шекпен
Жазмыштың қалауымен бізге айдалды,
Күліп, ол жеккөрінішті көзқараспен қарады.
Жерге басқа тілі мен бар салт-дәстүрі,
Ол біздің даңқымызды сыйламады,
Түсіне алмады сол сәтте қанды,
Қолын кімге ол көтергенін!..
Ақын өлтірілді - және қабірге салынды
Сол әнші сияқты, белгісіз, бірақ қымбат,
Саңырау қызғаныштың олжасы,
Сондай ғажайып құдіретпен мақтаған,
Өзі сияқты аяусыз қолмен оққа ұшқан.
Неге бейбіт бақыт пен қарапайым достықтан
Ол қызғаншақ, тұншыққан сол дүниеге кірді,
Еркіндік пен отты құмарлықты ұнататын жүрек үшін бе?
Құнсыз жала жапқыштарға қолын неге берді?
Жалған сөздерге, еркелетуге неге сенді?
Ол, жастайынан адамдарды түсінген?..
Бұрынғы гүлшоғырын шешіп алып, тікенекті гүлтізбені
Лаврмен өрілген кигізді оған,
Бірақ құпия тікенектер сорайып
Сыртқа шығып жатты маңдайдан
Оның соңғы сәттері уланды,
Жымысқы надандардың жасырын сыбырымен,
Және ол өлді - кек алам деп босқа,
Алданған үміттердің жасырын ызасымен.
Тамаша әндердің үні сөнді,
Олар қайта естілмейді енді,
Әншінің баспанасы мұңды, тар,
Және оның аузында мөр бар.
Ал сендер, намысшыл ұрпақтар
Аты шыққан әкелердің белгілі сұмдығынан,
Сынықтарды құлдық өкшемен таптап
Ренжіген отбасылардың бақыт ойынымен!
Сендер, ашкөз тобырмен бірге, тақтың айналасы,
Еркіндіктің, данышпандық пен даңқтың жендеттері!
Заңның көлеңкесіне тығыласыңдар,
Алдарыңда сот пен шындық – бәрің үндеме!..
Бірақ Құдайдың да үкімі бар, азғындықтың сырластары!
Қорқынышты үкім бар: ол күтіп тұр;
Алтынның сыңғыры оған жетпейді,
Ойды да, істі де ол алдын ала біледі.
Онда біреуге жала жауып құтыла алмайсың,
Бұл сендерге тіпті көмектеспейді,
Және сендер бар арам қаныңмен өтей алмайсың,
Ақынның төгілген адал қанын!
Михаил Лермонтов. Смерт поэта.
Аударма: Ералы Есимов – Астана.
ЖЕР БЕТІНДЕ КӨПІРЛЕР БАР БОЛҒАНША...
Жер бетінде көпірлер бар болғанша,
болады оларды әдейі өртейтіндер.
Және кемелер порттардан шыққанда,
болады оларды күтіп жүретіндер.
Ал күн батуы аспанға таралып жатқанда,
жаңа таң болады.
Және сені көргенде,
әрқашан болады адамдар қатты қуанатын,
Және сені көре алмайтын.
Ал көз жасының себептері бар кезде,
жылайтындар болады.
Біреу күркіреген дыбысты естіп, найзағайдан қорқады,
біреу естиді отшашуды.
Ұйқы ұғымы бар болғанша,
біреу ұйықтамайды.
Қашықтықтар мен мильдерді толығымен өтеді,
қайтып оралу үшін.
Жіптер әрқашан түйіндерге айналады,
және сөздер ретсіз айтылады.
Сен бірдеңе айтқың келеді, бірақ күмән - жаман,
ал себебі болмашы нәрсе.
Әр сұрақ дауыстап қойылмайды,
және жауап ретінде - ештеңе.
Кейде екі адам жетпейді сүюге,
кейде – біреуіде.
Тереңде біз биіктерді қалаймыз,
жолсыз жағдайларда - жолдарды.
Жер бетінде көпірлер болғанша,
мен саған жете алмаймын.
Мен саған жүзіп бара алмаймын,
толқын қозғалмаса мұхит бетінде
Бірақ барлық уақыт бітсе де,
Мен сені жалықпай күтемін де.
Роберт Рожденственский. И пока на земле существуют мосты...
ДОСТАРЫҢЫЗҒА ҚАМҚОР БОЛЫҢЫЗ.
Біл, достым, құнын қастық пен достықтың,
Және асығыс үкім шығарып күнә жасама.
Досқа бірден келген болса ашуың,
Әзірге оны төгуге асықпа.
Мүмкін сенің досың ағаттық жасап
Сені кездейсоқ ренжітіп алған болар.
Досың кінәлі болды және кешірім сұрады,
Оның күнәсін қайта есіне салмашы.
Адамдар, біз қартайып бара жатырмыз,
Өтіп жатыр күндер мен жылдарымыз
Бізге достарымызды оңай жоғалту,
Оларды әлдеқайда қиын ғой табу.
Егер адал ат аяғын жарақаттап алса,
Кенет ол сүрініп кетіп, жолдан тайса,
Оны айыптама - жолды кінәла,
Атты ауыстыруға асықпа.
Адамдар, құдай үшін сендерден өтінемін,
Мейірімділігіңнен ұялмашы.
Жер бетінде достар көп емес,
Достарыңды жоғалтудан сақтаншы.
Мен ережелерді ұстандым өзгеше
Жамандықты көрдім әлсіздікте.
Өмірімде қанша достан айрылдым,
Мені тастап кеткен қанша достарым.
Одан кейін көп нәрсеге кезіктім,
Және бұл болды тік жолдарда
Қалай өкіндім, қалай жетіспеді,
Маған жоғалтқан достарымда!
Енді мен бәріңді көргім келеді,
Бір кездері мені жақсы көргендер.
Бір заманда мен кешірмей кеткендер,
Немесе мені кешірмегендер.
РАСУЛ ГАМЗАТОВ. БЕРЕГИТЕ ДРУЗЕЙ.
АҚЫНДЫ ҚҰТҚАРҒАН ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА.
Күн жылдам пойыздай өтті,
Оттың жанына отыр да,
қоя тұр уайымдарыңды
Мен саған ертегідей шын оқиғаны
Айтып бергім келеді, Омар-Қажы.
Сен тұрған Кавказ таулы жерінде,
Кеселерден шарап ішкен бір кезде
Атақты қарт ақын белгілі
Жатты өлім алдында аурухана төсегінде.
Және аурудың азабына шыдай тұрып
Сол бір кеште болған жайды еске түсірді
Ол ғашығына кездесуге асығам деп
Арабтың жүйрік атын айдап өлтірді.
Бірақ түн ортасында нұрын шашқан
Оның көздерінен көрді жұлдыздарды,
Енді өзі жатып қалды тұра алмастан
Қолында таспиығы бар шайыртастан.
Халқының оған ыстық ықыласы
Дәрігерлерді сөгіп, жалынбады.
Адамдар келді тау балымен
Әрі шипалы бұлақтардың суымен.
Тибет емшілерінің білетін құпиясын
Ұзақ жолға аттанған жерлестері,
Ақынға алыс жерден дәрі әкелді,
Жастықты қайтаруға қабілетті.
Бірақ ол бұл дәріні ішпей қойды
Және ол дәрігермен қоштасты:
— Менің өлетін уақытым келді! Әнім біткен
Мен ештеңе қаламаймын өмірден.
Ал күн өткенде ұясына батқанда,
Жас, батыл және көріктіде
Бір әйел келіп кірді ауруханаға
Және барды кезекші дәрігерге.
Және ол айтты: Енді ақынға
Мен ғана көмектесе аламын
Қалай тырыссаң да тыйым салуға
Мен бұл түнде ақынның боламын жанында!
Және болып жұмбақ жарықтай
Жас, туған жұқа айдай,
Ақынға жеңіл киім киініп,
Күнәкар, ол кірді асықпай.
Таңертең онымен бірге ауруханадан
Ақын қашты, бойшаң, арықтаған
Бұған куә болғандар да бар
Бұл жалған емес,- дейді олар.
Бірақ ешкім бұған таң қалмады
Жергілікті көпті көрген адамдар,
Мұндай жағдайлар болғанын айтады
Бұрынғы заманда бір емес Омар-Қажы.
Келіп бәрі өз көздерімен көргенде,
Менің де өмірім таусыларын білгенде.
Жас әйел келіп бір күні түнде,
Мүмкін құтқарып қалар мені де...
Расул Гамзатов. Баллада о женщине, спасшей поэта.
