Блоги
Ойдың көз жасы
Түнгі шық
Оралсаң... шықтай іздеп бар,
Сағыныш – жанның орамы.
Елестеп көзге түнгі оттар...
Қиялдан асып брады.
Оралсаң, шықтай аңсап бар,
(Арманға толы сол сәттер!..)
Сыңғырлап тұрған моншақтар,
Сәл тиіп кетсе саусақтар.
Жаныңды қояр қозғап бір,
Аспаннан лағыл түскен тік.
Жарылып кете жаздап тұр,
Көзінен түннің піскен шық!
Еріні тиіп етіңе,
Елжіреп тұрған, елжіреп.
Суретің түсіп бетіне,
Мөлдірлік тұнған мөлдіреп!
Жапыраққа жайған бүршігін,
Не деген мынау мықтылық!..
Естисің жүрек дүрсілін,
Кішкентай шықтан тұп-тұнық!
Ойдың көз жасы
«Білте шамның жарығы» өлеңдер жинағы,
Алаш сыйлығын алғанда. Б. Жақыпқа
Жаулап алып саналы,
Бір ойларың, қиғылықты салады.
Ымырттағы тыныштықты табады,
Періштедей жерге тимей табаны.
Бір ойларың келіп, кетіп жатады,
Жүрген ізін көрсетпей!
... Және де бар шатағы,
Есі бар тентектей...
Болары бар күні ертең,
Жәрдем етсін Тәңір, тек!
Берейін деп тұр екен,
Көңіл аздап сабыр ет.
Бірі жарық, бірі түн,
Бір ойыңда екі түс...
Келер деген – үмітің,
Өтті деген – өкініш.
Бір ойлармен шер төгем,
Көздің жасы... анығы,
Ой деген –
Білте шамның жарығы.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.