Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ГЕНЕАЛОГИЯ
Қарқара атауына байланысты аз-кем әңгіме

Блоги

03.04.2019
9929

Қарқара атауына байланысты аз-кем әңгіме

Қарқара атауына байланысты аз-кем әңгіме

  

Қарқара – Алматы облысының Райымбек ауданындағы өзен мен тау.

 

Күнгей Алатаудың солтүстік шығысынан басталып, Қарқара жайлаудың Тиектес тұсынан басып өтіп Шарын өзеніне құйып, тар да терең шатқал арқылы ағып, Іле өзеніне қосады.

   

Халық аңызында Қарқара атауының шығу төркіні туралы былай делінген: «Бұл жер мен өзеннің былай аталуы осы жерді паналайтын құтан тектес Қарқара құсына байланысты. Ал кейбір қыздар осы әдемі құстың қауырсынын «қарқара» деп аталатын бас киімдеріне қыстырады» - деп жазған болатын фольклоршы В.В. Радлов, (1893, 1-т., 190-б.)

   

Қазақ халқының әдет-ғұрып салт-сана және ауыз әдебиетін зерттеген орыс ғалымы М. Красовский 1883 жылы қазақ даласынан географиялық және статистикалық материалдар жинау кезінде: «Қазақтар көшіп қону кезінде түйеге артатын, төбесіндегі қақпағы үй шатырына ұқсас шошақ кебежені қарқар деп атаған. Осы кебеже мен тау көрінісі ұқсас келгендіктен, тау Қарқара деп аталып кеткен» - дейді (М. Красовский,1888,1-б.108-109б.).

  

Бұндай пікірді Ш. Уалиханов та айтқан. Ғалымның сол пікірін қазақша қалпында беруді орынды көрдік: «Қарқара деп, қазақтар қауырсынды атайды. Өзен бойынан тұтқынға алынған екі жас қалмақ қыздарының бас киімдерінде  осы қарқара тағылған болаты» (Ш. Уалиханов, 1984, 250-б.)

 

Қарқар сөзінің көнелігі түркі тілдерінде «қара сөз «тау» мағынасын білдіріп, «үлкен, ұлы» сөзімен теңестіріледі. Мұны «қара» сөзімен аттас бірқатар топонимдер растайды – Қарқар, Қара Ертіс, Жуанқара, Қосқара, Найзақара, Егізқара.

   

Қарқара тауы тек Жетісуда ғана емес, Қарағанды облысында, Қырғыз елінде бар, сол жердегі Ош облысында Қарқыра өзені, моңғолияда Хархара тауы бар.

    

Қайткенмен де «қарқара» сөзі «биік, күшті, үлкен», бір сөзбен айтқанда «үлкен таулар» дегенді білдіреді.

  

Аңыз: Бұл оқиға қазақтар мен қалмақтар соғысы, қан майдан жүріп жатқан ерте заманда болған еді. Бірде қалмақтар Сарыарқа даласы арқылы көшіп бара жатады, сол көш кезінде бір қыз өзінің бас киімін – қарқарасын түсіріп алады. Қарқараны тұрмысқа әлі шықпаған, бірақ айттырылып қойған қыздар киеді. Міне, сол қарқара қалып қойған жер де «Қарқар» деп аталып кеткен екен. Қазір бұл жерде Қарқара тауы бар, сонымен қатар Қарағанды облысында орналасқан Каркарилинск қалашығы да бар.


Поделиться:      
Оставить комментарий: