Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
КРИТИКА
Сатқында ұлт болмайды

Блоги

05.11.2019
7659

Сатқында ұлт болмайды

Сатқында ұлт болмайды

 

(Ұстазыма арнадым)

 

Кез келген ұлттың ішінде өзінің шын берілген патриотары да, опасыз сатқындары да болады. Бірақ, ТАРИХ әдетте тек батырлардың есімдерін ғана сақтайды. Әлихан Бөкейханұлы, Кенесары Қасымұлы, Әбілқайыр хан, белгілі бір деңгейде Жұмабек Ташенов секілді трагедиялы тұлғалар тек Үстем Империя қылышынан мертігіп немесе жапа шегіп қоймай, дәл қасында жүрген бірең-сараң қандас сатқандырдан да опық жегендерін ұмытпайық. Себебі, сатқында ұлт болмайды! Кейбір қазақтың(!) сұлтандары азаттыққа ұмтылған Махамбет пен Исатайға қарсы шықты емес пе!? Сосын ғана Патша үкіметінің шақыртуымен орыстың жазалаушы казак отрядтары келді.

   

Қазақтың трагедиясы болған бытыраңқылық, рушылдық, жүзге-жерге бөлінушілік, күндестік, көреалмаушылық ең алдымен қазақтың өзіне ор қазды. Сосын сол дайын тұрған орға бізді генерал-губернаторлар, жоңғар-қалмақтар және большевиктер еш қиындықсыз итере салды. Дегенмен, біздің батыр халық үнемі күшін жинап, үнемі өз батырларын жиып, жауға төтеп бере білген.   

     

Әр саналы ұлт өз өзін сақтауға, өз өзіне барынша АДАЛ болуға тырысады. Израиль ұлтының жеті мың жылдық тарихы бар. Дегенмен, қазіргі Израиль мемлекеті тек 1949 ғана құрылды. Және күні бүгінге дейін олардың ұлтын, тілін, дінін ұстап тұрған 3 нәрсе бар: аса терең бірлік, бір-біріне шексіз адалдық әрі өз өзін құрметтей білу ҚАБІЛЕТІ.  Және осы үш қағида әлі күнге дейін айрықша жоғары қастерленеді, сақталып келеді. Осы үш киелі ұғымдардың арқасында ол ұлт талай-талай зұлматтан аман қалды, Мысыр нәубетінен, Инквизиция апатынан және Гитлер залымдығынан жапа шексе де, сол қиындықтардан ол ел абыроймен аман шықты. Және қазір Израиль - Таяу Шығыстағы ең дамыған, беделді елдердің бірі.

     

О баста қазақ ұлтының да бірлігі мықты еді, дегенмен Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, қазақтар өзінің төл ұлттық ұстанымдарын, қағидаларын жоғалтып алған іспеттес. Содан рушылдық, жүзге бөліну, жалпы феодалдық бытыраңқылық, сұлтан-cұлтан болып бөлінді емес пе?! Әлбетте, осы кемшілікті Ресей Империясы да, Бұқар Әмірлігі де, Жоңғария да өз пайдасына сәтті қолдана білді!!! Дегенмен, талай қиын кезеңдерді артқа тастап тарих, тағдыр немесе Алланың өзі бізге 16 желтоқсан 1991 жылы ұлттық рухымызды қайта тірілтуге теңдессіз  мүмкіндік берді. Қазір сол мүмкіндікті пайдаланамыз ба, жоқ па өз қолымызда! Яғни “Ұлт тәуелсіздігі – бұлбұл құс секілді, жай ұстасаң ұшып кетеді, қатты ұстасаң тұншығып қалады.”деген қанатты сөзге келіп саяды.

      

Құдайға шүкір, бүгін бізге сырттан күштеп ешкім Голощекин немесе Колбин сияқты БӨТЕН адамдарды әкеліп қоймайды, дегенмен ел ішінде патриотизм деңгейінің түсіп кетпеуін әрқашан айрықша, өте мұқият қадағалау керек-ақ. Аталмыш ойға өзімнің сүйікті, қадірлі жазушым - жазушы-драматург, сценарист  Әкім Таразидың “Андрей” әңгімесін қайталап оқыған соң келдім.

   

Қазақ ұлттық Өнер университетінің “кинотеледраматургия” мамандығының екінші курсында “Көк аспанда қырағы көз бар” деген ашық жасыл кітапты қолымнан тастамаушы ем. Сондағы эсселер, әңгімелер жинағын әсіресе дауыстап оқығанды ұнатушы ем. Бір күні Әкім ағаның соңғы сабақтарының бірінде “Cоңғы оқыған дүниең қандай?” деген сауал тастады. Жаңағы оқып жүрген жасыл кітабым турасында айтып жатып, тосыннан жазушының шығармашылығы туралы өз көзқарастарыммен бөлісе бастадым. Ол таң қалды. Сүйсініп көз тастады. Отты, өткір жанарынан әлдеқандай үмітті байқап қалдым. Әттең, сол үміттің отын өзім жағып, өзім өшіріп алғаным әлі күнге жүрегімде із қалдырды. Қазіргі күні сол Ризаны сынаймын, жазғырамын, ұяламын. Жауапкершіліктің болмағанын сеземін. Өзі ара-тұра өтетін сабақтарына сирек барғаныма да өкінішім бар.

     

Ол басынан талай талай қиындықты кешкен КӨНЕ әрі ДАНА еврей халқы туралы жиі айтатын, әсіресе олардың ішкі БІРЛІГІНЕ қатты қызығатын. Сол кездері мен көп дүниенің балаңдықпен байыбына бармаған кез еді. Саясаттан бейхабармын. Ал енді ҰСТАЗ сөзін мен өз шәкірттеріме бүгінде ұдайы қайталаумен боламын.

    

Әлі есімде ол менің шығармашылығым немесе табиғи болмысыма қатысты үшінші рет “Сен бала мені таңқалдырдың! Егер үшінші рет таңқалдырсаң...” деп терең ойлы көздерімен бір қарап қалғанында мен “Негізі үш рет айтқансыз!” деппін балалық максимализмге салынып. Сонда әңгімемізге басқа группаластарым қосылып, сөзіміз аяқсыз қалған еді... Келесі сабақта Әкім ағаның үйіне барып кітаптар оқығанда,  ол кісі маған  “Сен бала алдыңғы сабақта менің шығармаларымды жақсы талдап бердің. Саған тапсырма – өзің алған төрт әңгімені толықтай, жан-жақты талдап-таразылап тұрып алып келесің! Жиырма беттен. Сол - сенің дипломдық жұмысың.” Жиырма бет түгілі үйге бара салып жанымды салып, шабыттанып жазған жеті бетімнің өзін аман-сау апарып тапсыра алмадым. Бәрі өшті де кетті. Компьютерім өшкен кезде құжат сақталмай, қайта қосып қарасам үшті-күйлі ғайып болған. Жоқ! Сол шарасыз, ессіз күйім әлі есімде. Күйіп кеттім. Өзім табиғатымнан уайымшыл, беймаза жан едім, одан бетер адам айтқысыз күйге түстім...

       

Қанша ашуға булықсам да, қайта жазуға отырдым. Жаза алмадым. Есіме тек негізгі айтпақ идеяларым ғана түсті. Оларды түртіп қойдым. Қазір де бар. Тұрдым да қолымды бір сілтеп, басқа шаруаларыммен сыртқа шығып кеттім. Одан кейін Әкім ағаның соңғы екі-үш сабақтарына барған жоқпын. Болған жайды айтсам, апталдай азаматты алдағандай боламын-ау, сенбес дедім. Кейін Адайдың қайтпас қайсар, табанды, қажырлы режиссер құрбыма айтқанда, ол “Сен қызық адамсың, барып айта салмайсың ба?! Кішкентай нәрсені қиындатып жібермей. Ол да кәдімгі адам ғой.”дегені бар. Сол қыздың өжеттілігі мені ылғи таңқадыратын. Қазір де солай...

      

Қазір сол бір төрт әңгіменің атауларын есіме түсіре алмай әлекпін. Тек “Андрей”-ді ғана жаттап қалғанмын. Өйткені, оған ағыл-тегіл жылағаным тағы бар. Қатты әсер етсе керек. Жалпы, сезімтал, шығармашылық адамдарының қабылдауы тым нәзік, ойлау жүйесі бөлектеу келеді ғой. Ақыры аталмыш әңгіме хақында ой қозғаудың бүгін ғана сәті түсіп, әйтеуір бір қолым жетті-ау деп өзімнен-өзім дәл қазір балаша мәзбін.

        

“Андрей” - тарихи-әлеуметтік трагедия, психологиялық реалисттік драмалық проза. Автобиографиялық нақышы да бар. ТАРИХИ сарындағы терең саяси астары да бар. Бұндағы реализм – классикалық, мінсіз, таза, бірегей жанр. Реализм - барлық мүмкін әдіс-тісілдерді, детальдерді пайдалана отырып, шындықты барынша беру, көрсету. Реализмге ақиқатты дөп басып айту тән. Студент кезімде бағанағы режиссер құрбыма “Андрей” әдеби туындысына экранизация жасасаң қайтеді деуші ем. Ол болса, әуелі Әбіш Кекілбаевтың щығармаларына түсіремін деп қалған еді...

       

Автордың идеясы – кез келген өзін сақтағысы келген ҰЛТ жалпы бөгде және жалпы әміршіл-әкімшіл «ТРОЦКИЗМ» іспеттес жүйеден сақ болсын дейді. Ортақ идея – осы! Қазақтың трагедиясына жалғыз орыс кінәлі емес. Қазақ, қырғыз, өзбек, еврей, татар, грузин, армян барлық ұлт өкілдері большевиктер партиясының құрамында болды, ал Гитлердің Үшінші Рейх национал-социалисттік партиясында тек қана немістер еді. Демек, КСРО-да белгілі бір ұлт кінәлі емес. Ұлтқа да, дінге де бөлінбейтін 1930-шы жылдардың СОҚЫР КОММУНИСТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ сипаты айыпты. Ең қызығы, Сталиннің орнында отырған адамның ұлты сол жағдайда – грузин де, армян да, орыс та, тіпті қазақ та болуы ықтимал еді. Өйткені, комунистік жүйе о бастан ұлтсыз «ИНТЕР-национальный» әлемдік идеология болатын, әсіресе, Владимир Ленин мен Лев Троцкийдің пікірінше. Алғашқы большевиктерді еске алайық. Сталин – грузин, Ленин – орыс, Бухарин – еврей, Хрущев – украин, ал Шаяхметов – қазақ еді. Демек, біздің басты жау - белгілі бір ұлттан гөрі кез келген ұлтсыздандыратын саяси ағым. Тек Троцкийдің үлгісіндегі коммунистік жүйенің идеясы ғана емес, халықаралық терроризм де, түрлі секталар да  ұлтсыз, яғни аса қауіпті – ӘЛЕМДІК сипатқа ие. Содан сақ болу керек!!!

   

Тіпті тым либералді жаһандану бойынша да, өте сақ болып, тепе-теңдік пен үйлесімділікті барынша ұстануға тырысу керек!!! Мәселен, Еуропалық Одақта дәстүрлі мағынада «ұлт» деген ұғым жоқ, олардың идеясы бойынша Еуропалық Одақ біртұтас демократиялық либералді САЯСИ МЕМЛЕКЕТ сыңайлы, астанасы – Брюссель, тұрғындарының барлығы да бір ұлт өкілі іспеттес «жалпы еуропалық азаматтар». Бұл - олардың көздеген түпкі мұраты! Бірақ, дәл қазіргі таңда оларда айырмашылықтар жеткілікті. Ағылшындар өз ұлттық нақышын сақтауға тырысып, Еуропалық Одақ әлсіз деген ойда болса (Ұлыбритания тіпті еуроны да қабылдаған жоқ!), немістер мен француздар керісінше Еуропалық Одаққа қатты сенім артады. Ал Италия, Грекия, Польша және Сербия іспеттес елдер үшін тіпті өздерінің ішкі ұлттық мүдделері бірінші орында тұрғаны белгілі. Еуропалық үлгідегі либералді жаһанданудың қауіпі тек ұлтсыздануда ғана емес, оларда соңғы жиырма жылда дәстүрлі христиан діні де, зайырлы этикасы да, барлық дәстүрлі отбасылық құндылықтары да құлдырауға ұшырады. Қазір оларда екі жыныстан көп «жыныс өкілдері» пайда болды емес пе!? Енді олардың «тым озық» бөлігі «адам өз жынысын өзі ауыстыру құқуғы» бойынша өте үлкен мәселелер тұрмақ, тіпті «балалардың өздері қай жастан бастап өз жынысын өзі таңдай алады» деген өте ҮЛКЕН, өте ДАУЛЫ және абсурдты этикалық СҰРАҚТЫ барынша қызу талқылап отыр. Демек, шектен тыс жаһанданған либерализм мен еш шектеуі жоқ демкоратия да жақсы нәрсе емес екен.

       

Ал енді негізгі тақырыпқа оралайық. Қарапайым ой - cатқында ұлт болмайды!  Тек өзінің жеке қарақан басының мүддесі ғана болады. «Андрей» әңгімесіне келсек, жендеттер мен қолшоқпарларда да ұлт болмайды. Бас кейіпкер болған Манана – қолшоқпар, әрі құрбан, әрі жендет! Ол - Кеңес үкіметіне 1930-шы жылдары «барынша шексіз адал» қызмет еткен фанататик жендеті. Мұнда біз әлі де толыққанды көрмей, түсінбей тұрған терең трагедиялар легі жатыр... Автор бүкіл Кеңестік Жүйені айтып отыр. Оның алдында да Ресей Империясының құрамы болғанымызды еске салып тұр. Идея – Отарлы Қазақстан, бұғаудағы, бодан қазақтың мүшкіл халі. Бұл көркем дүние 1989 жылы жарыққа шығарда бір КГБ өкілі отырған. Тыңдаған. “Не туралы?! Әй, жарайсың! Ұлтқа жан ашып жатыр екен ғой. Шығаруға болады.” деп ойлайды. Жазушы баспаға мұны тек «кәрі армянканың трагедиясы» деп ұсынған. Әрине, кез келген ұлт оқыса да аяйды. Репрессияға басқалар да атсалысқан. Басқа ұлт өкілдерінің де қатысы болды. Бір ғана ұлтты кінәлау - бұрыс. Олардың санасында “Кінәлі біреу-ақ қана” деген орыстың психологиясы жатталып қалған. Бұл тұста әлбетте қазақтарда даңалық пен толеранттылық, КЕҢДІК көбірек.

    

Көркем әдеби туындыда қазақ  символикасы айқын көрініп тұр. Қытайлықтар үшін қытайдың Бүркіті - Айдаһар. Орыс үшін айдаһар - Қытай. Айдаһар - кез келген дұшпан! Мысалы, бүгінгі Таяу Шығыс үшін АҚШ-тың соғыс құмар саясаты - ДҰШПАН, Оңтүстік Корея үшін Солтүстік «көршісінің» ядролық ракеталары - дұшпан, Үндістан мен Пәкістанның арасы да - тыныш емес әрі осындай ӨКІНІШТІ, ауыр қауіпті мысалдар қаншама!

     

Иә, большевиктер «ортақ СОВЕТТІК болашақ үшін» бас имейтін ұлттың рухын басып тастауды көздеді. Қанында, ата тегінде асқақ бай рух, өр мінезі бар дара қазақтың сол бір болмысы, Алаш Орда жылдарындағы ОПТИМИСТТІК әрі ОТАНСҮЙГІШ болмысы 1930-шы жылдары қайда болды?! Иә, ол болмысты 1937 және 1938 жылдар жойды. Қазақтың асыл азаматтарына, қарапайым, жазықсыз, жайбырақат жүрген ақкөңіл дала халқына жасырын, асқан, шексіз жауыздықпен Тоталитаризм Мананың қолымен эксперимент  жасады. Иә, бұл тұста «сталинист» КГБ қызметшілері Генрих Мюллердің «СС» ұйымының немістерінен кем түспегендей еді... Бірақ, басты қауіп сталинисттер емес, бейшара Манана да емес, басты қауіп - арамызда жүрген кейбір қандас (ұлты жоқ) сатқындар екенін ұмытпайық!!! Аталмыш көркем дүниеде автор-Әкім Тарази тек жоғарыда мен қысқаша атап өткен ойларды ғана айтқысы келмегенін білемін. Екінші негізгі ойын таппадым. Маған ол әлі – жұмбақ! Әзірге құпия күйінде қалып тұр. Бәлкім, мұны тек автордың бір өзі ғана біледі...                                                                                                                              


Поделиться:      
Оставить комментарий: