Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ҰЛЫ АҚЫН А.С. ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ЗАЛ АШЫЛДЫ

Блоги

15.06.2017
6261

ҰЛЫ АҚЫН А.С. ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ЗАЛ АШЫЛДЫ

ҰЛЫ АҚЫН А.С. ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ЗАЛ АШЫЛДЫ

      ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында орыстың ұлы, классик ақыны А.С. Пушкин атындағы залдың салтанатты ашылуы болып өтті.

      Залдың ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, сондай-ақ, Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі С.А. Абдрахманов Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесшісі В.Л. Нефедов, ҚР ҒА академигі Ғаділбек Шалахметов, Қырғызстанның халық әртісі С.Ф. Матвеев, Қазақстанның құрметті журналисті С. Құттықадам және т.б. зиялы қауым өкілдері мен ҚР-дағы ММУ филиалының өкілдері, ЖОО-ның студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

 

 

         Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.А. Абдрахманов «Әлем орыс тілі сезімді жеткізуге келмес деген уақыттағы пікірді жоққа шығарған А.С. Пушкин»-деп өз шығармашылығындағы еңбектерінен үзінделер оқыса, Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесшісі В.Л. Нефедов мырза кітапхана қорына қос ұлы ақын Абай мен Пушкиннің қосарланған екі томдық кітабы мен ақын портретін сыйға тартты. Қырғызстанның халық әртісі С.Ф. Матвеев ұлы ақын өлеңдерін оқып, кейіпті түрде сомдап берді. «А.С. Пушкин әлемі» атты кітап көрмесі қойылды.

        Мәдениет саласын дамыту аясында, орыс-қазақ қарым-қатынастарын  дамытуды қолдау және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірлескен іс-қимыл Жоспарына сай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұлы орыс классик жазушысы А.С. Пушкиннің атына оқу залдарының біріне беру туралы шешім қабылдап арқылы жалғасын тапты.

         Ашылған залдан ақынның латын тіліндегі және қазақ тіліндегі кітаптары (1934, 1954, 1960 жылдары шыққан А.С. Пушкиннің толық шығармалар жинағы, 1885 жылы шыққан еңбектеріндегі суреттері бар кітаптары және т.б., (1937 жылы шыққан А.С. Пушкиннің Тандамалы шығармалары 3 том,  1938 жылдары шыққан өлеңдері, ертегілері, 1939 жылдары шыққан басылымдары және т.б.) еңбектерін кездестіруге болады. Сондай-ақ, танымал суретші Орест Кипренскийдің А.С. Пушкин портреті мен қолжазбаларының көшірмелері (1830, 1833, 1834 ж.)де қойылған.

        Пушкин залында ақынның жұмыс үстелінің реконструкциясы қойылып, әрбір келушілер үшін қаламы мен сиясауытына жазба қалдыруларына мүмкіншілік жасалған. Ақынның өмірінен және шығармаларынан сыр шертетін Болдиннен әкелінген жолнұсқаушы мен материалдар да залды толықтыра түскен. Сонымен қатар, Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана порталында (www.kazneb.kz) әлемнің кез келген жерінде, әрбір пайдаланушы оқырман үшін Пушкиннің толық мәтіндік коллекциялары мен ақын туралы көптеген материалдармен танысуға мүмкіндік жасалған.

        Бес жылдан бері кітапхана Ресей қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Орыс әлемі» халықаралық жобасына қатысып келеді. Аталмыш қор түрлі елдерде орыс тілін оқыту бағдарламалары мен мәдениетін таныстыру мақсатында жұмыс жасайды.

        Қордың қолдауымен ағымдағы жылдың 10 ақпанында ұлы орыс ақыны А.С. Пушкиннің дүниеден өткеніне 180 жыл толуына орай «Живой Пушкин» халықаралық акциясы бастау алған. Аталмыш іс-шара әлемнің түкпір-түкпіріндегі 50-ден астам елдердің кітапханалары (Канада, Эстония, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Әзірбайжан және РФ-ның барлық өңірлері) қатысқанды. Акцияның барлық қатысушылары «Жүз күндік әдеби марафонға» ұлы ақынның әдеби мұрасын насихаттау мақсатында жаңғырту жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде қазірдің өзінде мыңдаған интернет пайдаланушылар динамикалық және жанды көріністердің куәсі болды. Халықаралық деңгейдегі жоғары білікті сарапшылар байқау нәтижелерін шығарды. Болдино әдеби-мемориалдық, табиғи музей-қорығының аймақтық үлгідегі Пушкиндік жобалар бойынша мазмұнды   акциясының 12 жеңімпазы мен біздің блог «Орыс әлемі» қорынан «Пушкин және Қазақстан» грантын жеңіп алды. (Нижегород облысы, Ресей).

      Сондай-ақ, залдың ашылуында «Живой Пушкин» халықаралық акциясының жетекшісі, ВТ компаниясының директоры және «Саналы Ой» мектебі ректорының кеңесшісі Владимир Викторович Прусаковпен және Р. Гамзатов атындағы Хасавюртов орталық кітапханасының директоры Элмир Якубовичпен онлайн-байланыс жүргізілді (Дағыстан Республикасы, РФ).


Поделиться:      
Оставить комментарий: