Блоги
Ұлы хәкім Абай...
«Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» -
деп қарапайым қазақ жұртына үндеуін осылайша жариялап,үгіт берген Абайдай данышпан бар ма мына ғаламда?! Кішкене кезінен бастап, өлеңдер шығарып,алға қарай ұмтылған,киелі, қазақтың мандайына біткен жарық жұлдызы тағы да Абай болған.
Жұмыр жерде мекендеген халықтардың қай-қайсысының да ғасырлар бойы сұрыпталып,інжу маржандай астарлы да асыл, ұлағатты шешендік,даналық сөздерінің мол екені мәлім.Тіл байлығының алтын қорынан саналатын осынау ғибратты сөздер өмір шындығын,халықтың тұрмыс тіршілігін,психологиясын,қоғамдық прогресін тайға таңба басқандай дәл де шебер,мәнді етіп бейнелеуімен де,сөздік құндылығыменде ерекшеленген-Абай Құнанбаев жайлы бір сыр шертсек...
Абай-ұлы ақын,дара,данышпан,ойшыл,дипломат,философ және Ұлы хакім.Абай жайлы Абай жолын оқыған адам сөзсіз айтуға болады. Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман эпопиясында оның балалық шағы, ел ішіне араласқан орта жастағы Абайды және дүние салар уақытын шексіз баяндаған.
«Адамзатқа не керек;
Сүймек,сезбек,кейімек
Харкет қылмай,жүгірмек
Ақылмен ойлап сөйлемек» -
деген екен. Расменде қазіргі уақытта керек нақыл сөз деп білемін. Абай айтпақшы: «әрбір сөзімізге абайлап,байқастап сөйлесек ертеңгі мақсатқа да жетеріміз анық»
Өзінің көптеген жандардың айтуларына қарағанда, Абай өлеңді ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезеңде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулері және бірқатары ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен, шығармаларының аттары ғана сақталған. Мысалы: сүйікті қызы Тоғжанға арналған өлеңдерінің тек бастапқы жолдары ғана белгілі, жас Абайдың ақын қыз Қуандықпен айтысуының ауызша мазмұны ғана сақталған.
Абай қазақ халқының ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылатын бірден-бір дұрыс жолы — орыс және қазақ мәдениетінің жақындасуында деп білді. Ұлы ақын-ағартушы халықтардың туысқандығы мен достығы идеяларын жақтаушы болды. Өзінің өлеңдерінде ол қазақ халқына орыс халқын патша отаршылдарынан айыра білуді көрсетуге тырысты.
«Тура тілді кісіні дейміз орыс,
Жиреніп, жылмаңдықты демес бұрыс.
Жылпылдақтап айрылып, сенісе алмай,
Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс.
Сенімі жоқ серменде сырды бұзды,
Анық таза көрмейміз — досымызды.
Қылт етпеген көңілдің кешуі жоқ
Жүрегінде жатады өкпе сызы
Дос асықтың болмайды бөтендігі,
Қосылған босаспайды жүрек жігі»
Орыс халқының рухани мәдениетінің нағыз бағалылықтарын тауып, таныған шақта Абайдың ой-өрісі мейлінше кеңейеді. Абай- Пушкин мен Лермонтовтың, Крыловтың, Салтыков-Щедрин мен Лев Толстойдың құштар ардақтаушысы болады. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге музыкант, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол бірқатар мелодиялар шығарды. Ақынның мелодиялары, негізінен, оның қазақ поэзиясына жаңалық енгізген өлеңдеріне (Сегіз аяқ, Алты аяқ, т.б.) арналған еді. Ол өзінің Евгений Онегиннен жасаған үзінді аудармаларына да осындай мелодиялар шығарған. 1887-89 жылдарда Пушкин есімі және оның геройлары Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл далаға кең таралды, қазақ халқы үшін қазақ ақындары мен қазақтың эпикалық поэмаларының геройларындай сүйікті, жақын болып кетті.
Абайдың біз білмейтін,естімеген көптеген тұстары бар. Оны Абай Құнанбаевтың ұлы Тұрағұлдың «Әкем Абай туралы» деген естелегі бар. Міне,сол кітапта барлығы толық әрі мәнді де,сәнді жазылған.Менің түйгенім Абайды әлі таңымаған,білмеген тұстарымыз көп екен. Бірқатарын айтып өтетін болсам:
- «Мен әкемді танығанда,әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында,көзі өткір, ашуы да,қуануы да жылдам,ширақ жанды еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл,дастарқаны аса мол еді.
- Ұйқысы шағын,жалпы халықтан кеш жатып,ерте тұру әдеті
- Қағаз шайдан басқа шай ішкен емес,қантсыз шай ішкенін көргенім жоқ
- Құмалақтан әкемді жеңген адамды көргенім жоқ
- Кісілердің келген бойда шаруасын айтқанын қалайды,әбден жатпы,тынығып,аттанар кезде айтатын болса,ашуланып,тыңдамай қоятын кездері болады.
- Көңіліне билеткіштігі сондайлық,жас баланы әлпештек шақырғанда ұстылып келсе, қатты қуанып, қаны тартып біліп тұр деуші еді,егер келмесе, жатырқап жақса,өкпелек,ашуланып қалушы еді
- Жасында ашу мен махаббаты қатар қолданғандығынан,қатын балалары да, ауыл-ауданы да,елдіің адамдары да бір жағынан жылы махаббатты,жомарт мінезін сүйсе,бір жағынан ашуланып кететұғын мінезінен қорқып жүретұғын еді...
- Таңертеннен кешке дейін көбінесе орыстың кітабын оқиды да, ара-тұра жастықты бауырына басып,алдында ақ қағазы,қолында қарындашы күніреніп отырып өлең жазып тастайтыны тағы бар»
Деп өз әкесі жайлы шындықты мәмілеген артындағы тұяғына зор алғыс айтамын! Біз Абай жайлы толық білу үшін алдымызда қандай міндет тұрғанын білеміз бе
Біздің алдымызда қандай міндеттер тұр?
Методологиялық маңызды міндеттің біріншісі — Абайдың орыс әдебиетіне қатынасы жайындағы мәселе даму үстінде зерттелуі керек. Абай жиырма жыл бойы орыс әдебиетінің таңдаулы дәстүрлерін творчестволық жолмен қабылдап отырды. Бұл дәстүрді игеруде оның өз жолы бар. Татьяна мен Онегин туралы нәзира жасаудан, Пушкин мен Лермонтовтан аударудан Абай Некрасов пен Салтыков-Щедринді зерттеп үйренуге келді. Біз осынау жолдың кезеңдерін, бірінен-бірінің сапалық ерекшелігін, араларындағы байланыс-жалғастарын анықтауға міндеттіміз, біз мұның бәрін әр дәуірдің сипатын белгілеген саяси оқиғалармен, соның ішінде орыс және қазақ халықтарының қарым-қатынасымен тығыз байланыстырып зерттеуіміз керек.
Абайдың орыс әдебиетіне қатынасы оның творчествосынан айқын көрінеді, әдебиетті қоғамдық сапаның өзге түрлерінен бөліп алмай, орыстың демократияшыл озат мәдениетінен Абай алған бүкіл байлықты сырдаң тартқызбай, бұл қатынасты барлық шын, объективті байланыстармен зерттеу қажет.
Абай өз халқының және Таяу Шығыстың қоғамдық ойының Октябрьге дейінгі тарихындағы ең прогресшіл қозғалысты басқарды. Қазақ халқының тұңғыш ағартушы қайраткерлерінің бірі болған ол, қазақ коғамының орыстың озық мәдениетіне жақындасуына бөгет жасаған кедергілерді дәйекті түрде күйретіп отырды, сөйтіп кертартпалық құрылысқа қарсы, сәулелі болашақ үшін ортақ күресте орыс және қазақ халықтарының қосылуына жәрдемін тигізді. Абай есімі бізге сондықтан да қымбат. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ұлы Одақтың барлық халықтарымен туысқандық ынтымағын өзінің күресімен, жеңісімен нығайта түскен, Отанымызды қорғаған қазақ жауынгерлері мен офицерлерінің арасында ақын өлеңінің дәл бүгінгідей, соны үнмен естілгені де осыдан. Барлық рухани қазыналарды жауынгерлік сынға салған жылдардан өз Отанының таңдаулы ұл-қыздарымен бірге өтіп, Абай біздің социалистік бақытты бүгінгімізге бұрынғыдан да жақын, бұрынғыдан да қымбат бола түсті.
Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтың классикалық поэзиясының шұғылалы шыңы — Абайдың мәңгі өшпес даңқының ең асқақ айғағы, міне, осында.
Мен Абайдың ұрпағы болғаныма, әрі қазақтың ұлы тұлғаларымен мақтанамын!