Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ГЕНЕАЛОГИЯ
Хайретдин Болғанбаевтың тағдыры — қиын, бірақ кісі қызығарлық

Блоги

05.02.2019
6679

Хайретдин Болғанбаевтың тағдыры — қиын, бірақ кісі қызығарлық

Хайретдин Болғанбаевтың тағдыры — қиын, бірақ кісі қызығарлық

 

Тағдыр тəлкегіне тап болған асыл азаматымыз Хайретдин Əбдірахманұлы Болғанбаев. Оның тағдыры — қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Біз онымен енді ғана таныса бастадық. Əлі танып болғанымыз жоқ. Алаш қайраткері, ағартушы-ұстаз, ғалым, ақын, жалынды публицист екенін енді ғана біліп отырған жерлесіміздің күреске толы өмірі мен мұрасына там-тұмдап үңілген сайын оның қуатты тұлғасы зорайып, еңсесі биіктеп бара жатыр.

  

Қайраткердің жүріп өткен жолы туралы қысқаша мəліметтер

  

Хайретдин (кейде Қайретдин деп жазылады) Əбдірахманұлы Болғанбаев 1893 жылы (кейбір деректерде 1894 жылы) Ақмола облысы Қорғалжын өңірінің Жосалы атты ауылында дүниеге келген. Ол адам ретінде де, қоғам жəне саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар - аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды.

  

Бортаң бала, Бортаң, Кәрітай – бүркеншік аттары, «Қазақ» газетінде Г.Н. Потанин, И. Гаспринкский туралы, қазақ елінің әдет-ғұрпы, оқу-ағарту ісі, Түркістан автономиясы туралы мақалалар жариялаған.

  

1917–1918 жылдары М. Шоқай, С. Қожановтармен бірге «Бірлік туы» газетін шығаруға қатысады. 1918–1919  жылдары  Ташкент  қаласындағы  педагогикалық  курста  оқиды,  1919–1921 жылдары Ташкент, Орынбор қалаларында мұғалімдік қызмет атқарды. 1921 жылы Ə. Бөкейханов пен А. Байтұрсыновтың тапсырмасымен Бұхарадағы басмашылар қозғалысына Энвер пашамен бірге жетекшілік етіп жүрген Зəки Уəлиди Тоғанмен кездесіп қайтты. 1922–1923 жылдары — Ақмолада, 1924–1927 жылдары Петропавловскіде (Қызылжарда) халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1928 жылы ОГПУ шешімімен «халық жауы» ретінде 5 жылға сотталып Батыс Сібірге жер аударылды. 1934 жылы айдаудан оралған соң Алматыға келген. Кейін қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылына көшіп барып, сонда тұрақтап қалады. 1937 жылы саяси қуғын-сүргін кезінде тұтқындалып, сол жылы 21 қазанда Ташкент қаласында атылған. 1958 жылы 26 ақпанда ақталды


Поделиться:      
Оставить комментарий: