Періштелер
Арман-тілек, адами жан, сүйіспеншілік, сенім... Бәр-бәріне де мойымаған болымсыз ғана бола тұра құдіретті күш тұр. Өзіне қарауға батылың бармайтын қисапсыз ота, шеге, темірлер. Өштікпен емес өлермен жанашырлықпен ауыртпалықтың һәммасын жеңіп келе жатқан алдияр сұлулық. Тағдыр әйел затына төрт құбыласы тең әсемдікті сирек сыйлағанымен оған жетуді, иемденуді игере алмаса қастық жасауды, жойып жіберуді тілейтіндер аз емес...
Бұл арудың жазып шығарған кітабына алғы сөз жазатын ауырлау қалауды қабыл алғаныма да бірталай уақыт өтті... менен анағұрлым асып түскен сабыр, қайсарлық, ақыл-парасат, шебер талантпен туындаған бұл шығарманың бастапқы парағы мына менің сөзіммен ашылады деу аса тым азырқанарлықтай.
Похожие книги