Blogs
Әуежайдағы әңгіме
Берлинде түріктер көп тұрады. Берлиннің аэропортында тұрмын. Бір кезде гүл сататын дүкеннің қасындағы адамның түрікше айтқан таныс сөздеріне бұрылып қарап қалдым да, мен қазақша сөйлеп жауап бердім. Ол мені түсініп, түрікшесін жаудыра берді, мен қазақшамды қарша бораттым. Ол кісінің аты Дениз екен. Мен сол жерден су мен балмұздақ алдым. Сол әңгімеден есімде қалған сөздерден үзінді келтірейін.
Кulak ver bana (құлақ бер маған) – Тыңда мені дегені. Қазақша жауабы: Құлағым сізде. (Тыңдап тұрмын).
Nerede çalışıyorsun(Қай жерде шалшиып отырсың? дегенге ұқсайды.) Қазақша: Қай жерде жұмыс істейсің?
Kardelen – қар гүлі – қазақшасы: бәйшешек.
çiçekler açıyor – шешектер ашылар - (Шешек атты өрік, алма ағашы деген өлең сөзі бар, гүлдер )
Su – cу
Dondurma (тоңдырма) қазақшасы: Балмұздақ.
Deniz – Теңіз
dükkan – дүкен
Dur – Тұрақ – Аялдама
Havaalanı (ауа алаңы) - қазақша: әуежай
Түрікше біле жүріңіздер.