Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
MY OPINION
Қалыпқа симайтын ойлар-1

Blogs

01.12.2020
4559

Қалыпқа симайтын ойлар-1

Бисмилләәһир Раһмәәнир Раһиим.

 

Бақытты болу үшін бақытсыз адамға қара.

 

***

 

Ақыл белгілі бір жерге барған соң тоқтайды... Құдды тау шыңдарына шыға алмай етекте қалған темір тұлпар іспеті, енді жүрек көзі жол бастайды, сол кезде адам адамдық міндетін сезінеді. Абайша айтқанда «пайда ойламай, ар ойлап» өзін есепсіз арнайды... Сап иман,  шын ғылым, ар, ұят, әдеп, отан, туған жер, ана т.б. содан кейін ғана басталады.

 

***

 

Ғылым екі түрлі бірі әрбір адам баласына парыз болған Илаһи(адам болу, мәңгілік ілімі) өзінтану, сол арқылы Жартушысын білу ілімі. Екіншісі бір адамның үйренуімен басқалардың мойнынан қарызы түсетін бір мамандықты меңгеру. Сол қажет үшін бұл дүниеде адамдар бір-біріне байланаған.

 

***

 

Азған қоғамның үш белгісі: адамдар күнаның сан түрін ойлап табады.

 

Жез өкшелік пен зинаны ашық жасалып, ұл-қыздар өз әкесінің кім екенін білмейді. Елді бұзатын арзан сөзді ақындар көбейеді.

 

***

 

Алла расулын біздердің түсінуіміз үшін алдымызда ұзақ-ұзақ жол жатыр... Олүшін жүрек(хәл) ілімін меңгеруіміз керек... бұл көп еңбекті қажет етеді... Сахар уақытында ұйқыны мүлде ұмытқан, таһажүтті өзіне парыз еткен, жүректері тек «Алла» деп таулармен бірге соққан, тәбиғатпен үндескендердің қолынан келеді.

 

***

 

Шын мәнінде Пайғамбарымыз (с.а.у) бүтіндей өмірі тұнған мұжиза. Адамға қараған сияқты көзбен қарасақ үлкен қателіктерге бой алдырамыз. Оның әр ісінің артында біздер үшін үлкен ғибарат бар.

 

***

 

Құқық қорғаушылар ар ілімімен суарылған, ұжданы мықты, ұят-намыс, обал-сауапты білетін, Алладан қорқатын, басшыға бағынатын, өз ісіне жетік, кемел адамдар болуға міндетті.

 

***

 

Негізі бір жамандық жасалып жатқанда оны көре тура тоқтатпау және оған куәгер болмау – өте үлкен күнә. Жасырып қалса оның мойнына сол күнә толығымен жазылады, ол аумаққа сол жамандықтың зияны да тиеді.

 

***

 

Барлық күнаның басы тәкаппарлық, ашкөздік, іштарлық.

 

***

 

Алла Тағала адам тәнін жаратып, адамның садрына(кеудесіне) рух(жан) салады, содан соң екі қастың ортасына нәпсіні орналастырды. Адамға таңдау еркін берді. Аллa тиым сaлғaн істердің бәрін нәпсі қaлaмaйды. Ақылдaн бұрын нәпсімен( көңіл қалауыңмен) күресу парыз етілген.

 

Нәпсі төртке бөлінеді. 1. Әмра нәпсі, ол үнемі жамандыққа шақырады. 2. Ләуәмма нәпсі, ол бір күнә жaсaсa, дереу өкінеді. 3. Мүлқама нәпсі, ол тақуалықпен жүрседе күнәдан арыла алмаған нәпсі. 4. Мұтмайын нәпсі, ол күнәдан мүлде алыс, тақуалықтың шыңындағы нәпсі. Нaғыз мүмін нәпісін ұмытмайын етіп тәрбиелеп aлaды.

 

***

 

Адал жеген адамның рухы шаттанады, арам жеген адамның нәпсісі күшейеді, солай жамандыққа тартады да тұрады, ал адал жеген тақуа жақсы іске мойын бұрады. Адамды адам ететін адал ас, сондықтан Құран Кәрім де бұл тақырыпқа арнауды тоқталған.

 

***

 

Адам деген өте күрделі тіршілік иесі, бір сәт тәрбиеден арылса, өзін-өзі қатты тізгіндеп, ішкі «менімен» үздіксіз сұхбатта болмаса, тез «релістен» шығып кететін өте әлсіз жаратылыс.

 

***

 

Тәнмен жанға азық беруді тең ұста.

 

***

 

Кішкене кезден денсаулыққа қатты көңіл бөл. Тамақты артық жеуден көп ауыру пайда болады. Асқазан бірақ рет істейтін зат емес.

 

***

 

Азанда тұрған соң таза балдан бір қасық жеп, бөлме темпуратурасындағы таза судан екі шыны ішіуді әдетке айналдыр.

 

***

 

Азанда жүйке жүйесі мен қан тамырларын ұйқыдан оятатын жарты сағаттық таңғы жаттығуды жасауды күнделікті әдет қыл.

 

***

 

Күніне ең болмағанда бір бет кітап оқы, не жаз.

 

***

 

Жатарда жарты алма не жарты шыны айран ішпей жатпа! Бұл денсаулық!

 

***

 

Күн шыққанда ояу бол. Бір күндік ырыздық несібе шашылады. Одан соң ұйқтасаң болады азырақ.

 

***

 

Азанда орныңнан тұрғанда «менің біреуді ренжітуімнен, біреудің мені ренжітіуінен Алла Өзің сақта деп бет сипауды» ұмытпа. Әдетке айналдыр.

 

***

 

Тауық шақырғанда тұр. Есек аңырап, ит ұлыса терзеңді жап.

 

Достың, жақынның жанында кіші, дұшпанның жанында үлкен бол.

 

***

 

Әр нәрсенің артында тұрған Алланы көруге үңіл. Әр заттан Алланы көр.

 

***

 

Адамдармен орташа дауыс тонымен сөйлес! Өзіңді нық ұстап, рухты бол!

 

***

 

Намаз ол екі дүние бақыттың кілті.

 

***

 

Адам намымен ғана адам.

 

***

 

Жұма күнді қадірле, басқа күндер соған байланған.

 

***

 

Әуелде құлдық парызыңды жақсы біл, сосын адамдық міндетіңді атқар, одан кейін ғана азамат боласың.

 

***

 

Кітап жан азығы, жақсы кітаптарды таңдап оқы, оқымас бұрын авторына аз көз жүгіріт. Сенімі, адамдығы кемшін болса оқымай қоя сал!

 

***

 

Дос таңдауда құдды кітап таңдау сияқты. Оның да тегіне қарап дос бол!

 

Тексізден қырық метір алыс жүр.

 

***

 

Тірліктің мәні жақсы дос. Жаман адамның досы көп болады

 

Шын сырласатын бірнеше досың болса соның өзі жетеді.

 

***

 

Араласатын адамды өте қатты таңда, адам өзі саналы түрде күна жасамайды, айналасындағы адамдардың себеп болуымен күна жасап алады, сондықтан өз ортаңды жақсы таңда.

 

***

 

Алланың адамға берген ең үлкен сиы жақсы жар.

 

***

 

Жар таңдауда асықпа, сөзі мен ісіне, мінезіне қара. Дүние танымына үңіл, ойың жарасып, мінезің ортақтаспасай жатса, онда сезіміңді уақыт өткізіп суыт.

 

***

 

Іші иманы мен сыртқы сұлулығы, тектілігіне көп үңіл. Тексізден Алла сақтасын!

 

***

 

Күналы ортадан тез кет. Жаның қалаған жердің өзіне, аз кем ойланып, жолға шық!

 

***

 

Өміріңді сақтау Алланың аманаты. Жаратушыға күн түн сиынып жүр.

 

***

 

Қолыңда қаламның болсын, ойңда түйгенің болсын!

 

***

 

Адам еңбегімен адам, еңбекті жақсы көр.

 

***

 

Ар мен ұят жолдасың болсын.

 

***

 

Бес күндік жалған дүниеде таусылмас рухани азық жи, ал өзіңе жететін ғана дүние жи.

 

Ақрет ісі мен дүние ісі қатар келсе ақырет ісін таңда.

 

***

 

Қажылыққа ақша аяма.

 

Алла жолында батыл бол. Иманның 6 шарты бойыңда болса, бес парызды өздігіңнен орындайсың.

 

***

 

Айналаңа мейірмді бол. Бала-шағаңа, айналаңа, жақыдарыңа мейір төк.

 

***

 

Сені түсінбейтіндерден алыста.

 

***

 

Әуелі өзіңді тыңда, ішіңдегі үнге үңіл. Жақсы жаққа шақыратын үнге үңіл.

 

Екі ойлы болғанда жатарда екі бас истахара намаз оқып, Аллаға ісіңді тапсыр,азанда белгі болады. Жақсы түс көрсең не сергек ойансаң онда қайырлы деген сөз.

 

***

 

Ашуың келгенде Құран оқы, не басқа кітап оқы, не телевизор көр, не дәрет ал,не намаз оқы. Не бір жақсы досыңа қоңырау шал. Не қолфон шұқы. Не бір жұмыс істе. Не қыдыр.

 

***

 

Әр күн сайын жатарда өзіңнің не істегеніңді ойла. Азанда бүгінгі ісіңді жоспарла.

 

***

 

Жақсының қадірін жақыны білмес, жат білер деген бар, туысқа өкпелеме.

 

***

 

Бата алдуды әдетке айналдыр.

 

***

 

Аз болсада садақа беріп тұруды үйрен.

 

***

 

Өз жолыңды дұрыс деп, Құран мен хадис бойынша тапқан соң елдің сөзіне көп ерме.

 

Жартатушының арқанына мықты жабыс.

 

***

 

Аз сөз алтын, көп сөз боқ.

 

***

 

Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат, ұстазға құрмет көрсетуді еш уақытта ұмытпа.

 

***

 

Әулеттің жақсы жаман аты саған байланысты. Ал ол сенің жарыңмен болады.

 

***

 

Еркек қанша тақуа болып иманды алып келсе де, әйел долы болса есіктен кіргізбейді.

 

***

 

Жылда өзгертуді қажет етпейтін пәндерді жылда қайта жаза береміз, балалардың тапсырмасын, ата-анасы зорға орындайды.

 

***

 

Темекінің сыртында сұмдық-сұмдық суреттер тұрғанына қарамастан темекі шегетін адамдар көп.

 

***

 

Бала-шағамызбен теле жәшікті ұятсыз кино, клипті бірге қарап отыра береміз.

 

Балаларымызбен бірге моншаға барып, трдай тайраңдап жүре береміз, қайтып келгесін өзімізше ұрсамыз, ақыл айтамыз.

 

***

 

Жұмысқа көлігімізбен келіп, жұмысқа тиеселі авто тұраққа ақша төлейміз.

 

***

 

Жоғары оқу орындарында түскі астың  уақты жоқ, бұндағының бәрінің асқазаны ауырады.

 

Жоғары оқу орнында кілең қыз оқиды, ұлдар базарда арба сүйрейді.

 

***

 

Білімі жоқ болсада, дипломы атағы болса болды, сол мықты маман есептеледі.

 

***

 

Екі сөздің басын құрап айта алмайтын, бір ауыз сөзді түсінбейтін, бас десең құлақ дейтін жастар да жасамыстарда көбейді.

 

***

 

Жалаңаш жүрген қызға қызыға қарап, көйлек киген қызды қанталапайға саламыз.

 

***

 

Мекетеп қысқа көйлек, жалтыр санды адамдардың ортасына айналды. Мектеп бірітушілер таң атқанша даңғаза музикада жұлқынады...

 

***

 

Біреудің некелі жарына, басқа әйел затына қол тигізудің өзі күна екенін біле тұра, бетінен шөпілдете сүйіп амандасамыз,  күйеуі жанында күліп қарап тұрады.

 

***

 

Жазушы мен ақындар қызға қырындауды ерлікке парапар етіп жырлайды.

 

***

 

Африкада аштықтан бұратылып өліп бара жатқан баланың жемтігін жеуге дайындалып, тұмсығын жанып отырған тазқара мен қара баланы фотоға түсірген ақ тәнді фото суретшіге әлемдік бас жүлдені берген әділ қазылар алқасы сияқты адамдар бізде көп бүгінде.

 

***

 

Ақылмандар толып жүр, ақылды әншілер айтады.

 

***

 

Шерхандай ел ағасын аю тырнақты саутсыз тілші қыз, жанды жерін осқылай аяусыз тырнап, егілте жылатады.

 

***

 

Ауыру асқынып тұр, қазақтар әлі сенбейді, өзі ауырсада тұмау, әлергия деп үйінде ыңқылдап жатыр... Қазақ шын сөзге сенбей, өтірікке айрандай ұйыды депті Абай.

 

***

 

Көз майын таусып жылдар бойы жазған жас ғалым еңбегінің ішкі мәніне қарамай, ауысып кеткен жалғыз үтіріне қадалып, бар жұмысты жоққа шығаратындар көбейді.

 

***

 

Моралдық құқы жоқ болсада пікір білдіргіштер көп, біткен іске сыншы көп деген осы-ау.

 

***

 

Моңғол шапқыншылығы, орыс отаршылдығы, жетпіс жылдық советтік қызылдар қырғыны кезінде тәнін берседе, рухын бермеген, өзін берседе, иманын бермеген қазақтар, егемендік алған соңғы жылдарда интернет ағысымен ағып, бейпіл ауызданды, рухын тонатып, мінезі өзгерді. Құдды жүгенсіз атқа мінген адамдай, белгісіз бағытқа кетіп барады....

 

***

 

Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді, ділі өшсе ұлтын жоғалтады, діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді.

 

***

 

Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрағы болары хақ. 

 

***

 

Бақыт әр адамның қызыққан ісінде. Мүғалімнің бақыты студенттің алдында, ананың бақыты баласының алдында, диқанның бақыты тамшылаған терінде. Демек ар адамның бақыты әр түрлі. Сол сияқты әр ұлттың да бақыты әр түрлі болады.

 

***

 

Дипломы бар студент қазақтықты қаладан төрт жыл бойы таппай, ауылға келді, салт-дәстүрден таппады,  ата дінінен таппады, ғылымынан таппады,  шаршады...үкіметтен алған ақшаны бітіріп, берген үйін сатып, қалға қайтуға жүгін буып-түйді. 

 

***

 

Ауылда екі қолына бір күрек таппаған, дипломы жоқ боз бала, қаладан ауылға жұмыс іздеп келді.  Сейфулин көшесінің бойынан іздегенін таппай, «ютип, уатсап, пейсбук» т.б ғаламтордың ішінде өзін жоғалтып тозаңға айналып кетті...көше сыпрғыш оны мусырға жіберді...Диполмен ауылға, дипломсыз қалаға.

 

***

 

Қазақ даласында кесенесі аспандап тұрған әулие-абыздарға үрке қарайтын, тіпті олардың кесенелерін құлатып, соның астынан қазақты іздегісі келеді, киелі саналған жерлердің киесін қашыруға тырысты.

 

***

 

Қазақ әдебиетіндегі «кешегі өткен заманда, дін мұсылман аманда» деп, басталатын эпостық қиса-дастандарды өз алдарынша өзгертіп, жыр  жолдарында кездесетін «Әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, жеті пірге танысқан, Әулиеге ат қойып, қорасанға қой айтып, қабыл болған тілегі, жарылғандай тілегі», «Жәрдем болсын Құдайым, медет тілеп пірлерден, Жаратқаннан сұрайын, Ғайып ерен,  қырық шілтен  адасса жолға салып жүр, сыртынан қорғап бағып жүр, Жаратқан Ием қолдасын, Қыдыр болсын жолдасың» деген жерлерді түгелімен алып тастау арқылы қазақтықты іздеді.

 

***

 

Құранның даусы шықса, ажалы келіп қалғандай, бастарына жабатын бірдеңе іздеп абыр-сабыр күй кешетін адамдар әлі бар ортамызда. Құран-Кәрім тірілерге ғана түскен деп, Әруақтарға Құран оқыған дұрыс емес дейтіндер де бар. Шын мәнінде Құран өлі тірінің рухани азығы.

 

***

 

Пайғамбар жасы 63 деген қазақи түсінікті 40 жаспен ауыстрды біреулер.

 

***

 

Махаббат үлкен ауру, тәтті азап, десе де ол ақымақтық, сезімдік танымға құрылады. Шын махаббат балалы болып тән қажеті басылып, ақылдық танымға өткенде ғана басталады.

 

***

 

Сіз қиялыңыздағы жанды кездестіргендей болып, қарсы жақтың қалыбын қолдан жасап, ұнату күйінде боласыз. Кемшілігін еш көрмейсіз, бұл стихиялы көрсоқырлық барыс.

 

***

 

Зина жасаған адамның ырыздығы азайып, кедейлікке ұшырайды; бетінің нұрытайып, жүзінен шаңы шығады; өмірі қысқарады. Өкінішке орай күні бүгінге дейін осы зина көркем әдебиетте өте әдемі, жеңіл үгіттелуде.

 

***

 

Зина теледидар мен интернетте ол қалыпты құбылыс сияқты көз алдыңда зулайды.

 

***

 

Отарлану кезеңінен әлі күнге дейін ұлттық құндылықтарды минус 180 градусқа бұру үрдісі  жалғасып отыр. Кейбір жігіттер зинаны ерлікке санап, отырған жерінде мақтанып айтып жүр. Күнәні қайта айтқанда, қайта жасағандай болады.

 

***

 

Біз оңды теріс деп, терісті оң деп жүрміз, жақысы мен жаманды ауыстырдық,  ұлт болып ойлауды өзгертетін заман келді.

 

***

 

Бір ұста шәкіртіне: « Жұрт жақсы біле бермейтін қымбат бағалы асыл тасты базарға апарып сатып кел»,- дейді. Шәкірт базарда жүрген қара нөпір адамдардың ортасына апарып саудалайды, ешкімде оның нарқына жетпей, аз ақшаға сұрайды, ұстазының айтқан бағасын естігенде елдер мазақтайды. Ренжіген шәкірт ұстазына келеді. Ұстазы: «Асылды таныған алады, сен базардың арғы жақ шетіндегі зергерге апар»,- дейді. Шәкірт барғанда зергер бір көргеннен «Менің қолымдағы барлық ақшам, бар затым сенікі болсын, маған сат»,-  деп жабысады.


Share:      
Leave a comment: