Blogs
Қыз сезімі
Қыз сезімі
Биыл ол тағы келді. Осыған шейін де үш-төрт рет Әсетпен бірге келген-ді. Алғашқы келген күнің өзінде-ақ Толқынның жүрегінде сезім отын лаулатып кеткен. Ол өзін интелегентцияның бір бөлігі санайтын, қыз біткендерді табиғи сұлулығымен баурап алатын, әсемдігі іске аспаса майда тілімен кез келгенің құлағынан кіріп, жүрегіне жететін Жакош еді. Бойын тік ұстап, кербез адым тастап, үйдің үлкендерімен тез тіл табысып кетуінің өзі қыз жүрегін жалындатқан. Қол сағат силағаны оны өрт құшағында қалдырып ед. Сол кезде Толқын не бәрі он бес жаста. Енді ғана қыздық сезімдерімен қоса дене бітімі де жетіліп келе жатқан шақта. Ол пісіп келе жатқан жемістің иесіне айналды. Қыз өзін соған арнап сақтайтындай. Отырса да, тұрса да ойы Жакошта. Тіпті көзін жұмса да, түсінде екеуі қол ұстасып жағалау бойында кезіп жүргені кіреді. Ағасы Әсетпен телефон арқалы тіл қатыса бастағанда, хал-ахуалын сұрап болысымен Жакоштың жағдайын сұрайтын. Қарындасы болып тұрса да, Әсетке сылтаулатып қоңырау соғып, Жакош жайлы білу оның ермегіне айналған.
Жыл басталғалы оның келуі осы. Бұл жолы алдынғы кездегідей бір-екі күнге ғана емес, жарты айға келді. Биыл олар жаңа жоба бастаған. Кино түсіруге бүкіл съемкалық топты ертіп келген.
Жакош осы күнге дейін Толқынның жағдайын білу ниетімен бірде-бір рет қоңырау соқпаған. Ол үшін қыз ретінде қызықтырмайтын да. Әсет сияқы еркелетіп, балаша Толқынмен таласып, тіпті қуаласып жүретін. Бұ келгенінде де дәл сол қалыпта қатынас ұстады. Бірақ аздап ойындары үлкендерше. Шаршаса Толқынды өз әйелін жұмсағандай, бұйыра салатын. Бойжеткен де оның бірде-бір сөзіне «жоқ» немесе «өзің істе» деп бетін қайтармай, керісінше соның бұйрығын күтіп тұратын. Құлшынып жасайтын. Ол шаршамасын, ол ішсін, ол жесін, ол, ол... Тұра бір дуа тиген адамдай, Жакоштан өзгені ескермейді. Таң ертен тұрғанда оны еркелете оятып, белін ұқалап беретін. Жатар алдын арқасын басып беріп, «тәтті түстер көр» деп айтпай ұйқыға берілген күні болмады. Олар түсіріп жатқан фильмнің орта тұсында, қыздың ғашығы мен ағасы ортақ мәміледен кетті. Жакош шапанын арқалады да ат басын қалаға тартты. Толқын кімге болысарын білмеді. Кеткен күні көңіл күйі қашты. Ешкімге сөйлемеді. Жылағысы келсе шығып кетіп, үйдің арқасындағы асау өзенге барып көңілін босатып қайтатын. Бір күн өтті, ол жоқ. Екі күн өтті ол жоқ. Әсеттің съемкасы да көңілдегідей жүрмей жатыр ма?! Әйтеуір оның да сұры қашқан. Темекі түтінін ауадай жұтып, нандай жей бастады. Сөйтіп жүріп Жакош мырзадан кешірім сұрады ма, әйтеуір үшінші күн дегенде қарасы көрінді. Бірақ баяғыша емес, айналасындағыларға салқын қандылық танытып, мысық мияуласа, соған қарап мияулап; ит үрсе, итше үріп өз бетімен жүрді. Қарны ашса болды, «мен кетім» деп ескертпей кететін. Толқын да «неге келдің» деп сұрамайды, келгеніне риза. Үйдің үлкендері жұмыста, екеуі ғана үйде жалғыз, бір-бірінің бетіне қарап отырып шай ішкеніне іштей мәз. Сөйтіп съемка мәресіне жетер шақ жақындағанда, Жакош тағы да үйге жалғыз келді. Бірақ бұл жолы қарны ашқаннан, су ішуге немесе сол сияқты сан мың майда себептермен емес, көздегені басқа. Төр бөлмедегі үлкендерінің жиюлы тұрған төсегіне барып, өзін лақтыра салды. Толқын оның қарны ашты ма деп шай дайындығына кірісе бастағанда төрден шықан дауысты есітіп жан ұшырып жетіп барды. Сөйтсе төсектің бір шетінде Жакош жатыр. Ғашығының амандығын көрген жас бойжеткен үрейін басып, қайта өз тірлігіне кіріспек боп, артына бұрыла бергенде.
- Қайда барасын? – деген дауыс, қайтуына себепкер болды.
- Тамақ дайындап жіберейін, қарныныз ашқан болар! Көп ұзамай
қалғандары да кеп қалар.
- Әлі бері келмейді. Бүгін съемканы соңғы күні. Келші – деді. Қыз ақырындап Жакош жатқан тұсқа жақындап тұрды. Арадан бірнеше минуттан соң ғана қай мағынада айтқанын түсінді. Қасына жатты. Жакоштың қолдары шет жандардың тырнағының ұшы тимеген қыздың балғын дене бөліктерімен жылжи бастады. Қос алманы сап қойған дорбаны шешті. Шектеліп қалған жоқ... Күнтимеске күн тиді. Қыз өзіне әлі де сене алмай жатыр. Ал Жакош темекісін тұтатып, ұзақ сорды. Киініп бұл үйдің табалдырығын атамасқа кетті. Толқын да түсіне бастаған. Бұрынғы балалық сана, бірнеше минуттардың арасында өшкен.
Жакош, ай оңбаған Жакош, бірнеше минут үшін достыққа да, он алты жастағы қыздың пәк сезіміне де қолын бір сілтеді. Бәрін де аяқ астына таптады. Мұндай жауыздық қай күнен бастап от алды екен?! Үйдің үлкендері келгенде аңырап жатқан бос үй. Қылмысқа куәгер төсек. Үлкендер үйдің артындағы ағып жатқан асау өзен жағасына жүгірді, бірақ түн жарығында Толқынға Жакош сыйлаған қол сағаттың жылтыры ғана жағалау бойында қыздың сезіміне қойылған ескерткіштей жылт етті. Әсет өз тобымен қуанып келіп, оқиғаның байбына бара алмай тұрған жерінде тас қатты...