Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
MY OPINION
Жұмекеннің күнделігі. 8-қыркүйек

Blogs

08.05.2019
5844

Жұмекеннің күнделігі. 8-қыркүйек

Жұмекеннің күнделігі. 8-қыркүйек

8 сентябрь

 

Көктемде әр дүкеннен таныс іздеп жүріп, әйтеуір бір аяқ киім таптырып едім. Бәтіңке әдемі, түсі қара болды. Бірақ сырты әдемі болғанымен, іші нашар, екі сағат кисең - өміріңді екі жылға қысқартатындай азап көрсетеді. Бүгін сұрасам, әйел: «сатып жібердім» дейді. Расында, ғұмыры аяқ киімге жарып көргем жоқ. Әсіре соңғы кезде. Бірақ киген соң (бұрынғы кезде) кеңіп аяғым үйреніп кетуші еді. Қазір олай емес: киген сайын қыса түседі, «кеңіген» сайын кию мүмкін болмай барады.


Дүниеде талай адамның аяғын етік қысқан шығар. Әйтпесе: «дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киімің тар болса» деген секілді сөздер тумас еді ғой. Менің аяғым онша үлкен де, кіші де емес. Орташа ғана: 40 размер кием. Бірақ сол қырықтың кез келгені маған аяқ киім бола бермейді. Ілуде біреулері ғана. Ондай жалғыз-жарым аяқ киімді (етік, бәтіңке, сандал) мен қайдан таба берейін.


Жалпы, маған кез келген (әрине, өз размерімнің) бәтіңке шақ келуге тиіс еді. Заурядный адамдарға размер таңдаудың (размер ішінен размер таңдау деген мағынада) қажеті бола бермейді деуші еді. Мен өзімді жай кісілердің (ептеп қабілетім болуы мүмкін ) қатарына қосам. Егер аяқ киім таңдау, бәтіңкенің ішінен (арасынан) бәтіңке таңдап кию – адамның өзіне ғана тән қасиеттеріне (личность деген мағына) байланысты болса мына адамдарға ешбір елдің стандарты (размері) сай келмесе еді: Гомер, Данте, Шекспир, Байрон, Петр-1, Наполеон, Маркс, Ленин, Ньютон, Абай, Маяковский, Махамбет, Тәуке - хан. Тым асыра сілтеп жіберген жоқпын ба? Нешауа! Әбілхан ағам айтқандай, айтылып кетті. Я думаю, Байронға арнап (көп ақын соның жеңінен түсті ғой ), етік тіккен, не Маяковский үшін әйтеуір киім жасаған адамға... ией, солар да кімге не қызмет көрсетіп жүргендерін білді дейсіз бе! Так что, кез-келген инструктордың аяғына дәл келген аяқ киім маған да үйлесуге тиіс еді. Қалай дегенмен, инструкторға қарағанда аяғымның ептеген айырмашылығы болуы керек... аузы-мұрны жоқ жаман кебісімнің өзі аяғымды қажайды. О, құдай!


Түнде «Сыщик» деген киноның 2-сериясы болды. Біріншісің алдыңғы күні ұрланып – жырланып дегендей, әйтеуір бір амалын тауып көріп едік. Екінші /жалғасын / серияны көре алмадым, /көре алмадым деген жаман - ақ тіркес /, көпшілік көрсетпеді. Хоккей /СССР – Венгрия/ болады екен. Маған батқаны бір шығарманың басын көріп, аяғын көрмегенім де емес. 1. «Сыщикті» көргенім жоқ деп, ешкімді сендіре алмадым. 2. Әлгі Хоккей көреміз дегендер – шын мәніндегі жан - күйерлер болмай шықты. Себебі, екінші тайм біткенде есеп 4:0, біздің пайдамызға шешіліпті. Содан кейін әлгілер: жеңдік қой деп тарап кетіпті. Егер шын жан – күйер болса ешқашан олай істемейді. Өйткені оларға керегі, әрі-беріден соң, жеңіс те емес, ойынның қызығы болуға тиіс. Видите, у нас даже многие болельщики ненастоящие. Менің «Сыщикті» көремегенім рас еді. Ана бөлмеде балалар көріп жататын. Телепрограммадан да оқығаным бар. Бірақ көрудің сәті түспей-ақ қойған. Детектив қой деп менсінбегендіктен емес, жоқ әйтеуір бір сәті келмеді. Бұдан: 1. «Сыщикті» көрдім десем, 2. Хоккейге болельщик болсам, вернее болып көрінсем, сөйтіп, қып-қызыл өтірік айтсам, жасанды қылық көрсетсем – жұрттың бәрі сенер еді-ау деген қорытындыға келдім. Тағы бір мәселе. Бізде «детектив» десе – біраз жазушылар мұрындарын шүйіріседі. Бұрынырақ кезде өзімде солай қарайтынмын. «Ақ шағыл», т.б. прозалық кітаптарға, меніңше, тек қана сол /оқиға - сюжет/ детектив жетпеді. Детектив деген көркем шығармаға ауадай керек /егер ол оқиға болса /. Мысалы: Шекспирдің «Асауға тұсауы» - детектив емес пе? «Капитан қызы», «Преступление и наказание», «Собор Парижской богоматери», «Тамянь», «Крейсерова соната» даже и мн. мн. другие. Мәселе оқиғаны кім қалай пайдаланады. Бүкіл Конан Дойл – детектив! Бірақ қандай детектив... Бұл тақырыпта талай тәулік сөйлесуге болады. Қысқасы әлем әдебиетіндегі ең беделді шығармалар, ең алдымен, оқиғаларына бола өлмес дүниелерге айналды. Ал, Паустовскийлер онша көп болмаған.


Детектив дегенің өзін, сөз, термин ретіндегі мәнін де тым тар мағынада түсінбеу мақұл. Детектив болу үшін – кісі өлімі, сұмдық қылмыс, ит ұстаған милиционер, не қазіргі заманның Шерлок Холмосын ойлап шығару /комиссар Мэгреге ұқсатып / міндетті емес. Жорж Сименон – жақсы жазушы. Психология, характер ашу т.б. көркем әдебиетке керекті жапырақтардың бәрі бар. Ал, Конан Дойл кейде тым жалаң, жалаңаш детектив секілді көрінеді. Әйткенмен Конан Дойл Сименоннан әлі де әлдеқайда биік тұр. Бәлкім, уақытты, соған орай адамдары «биік» шығар? Неге? Мен қайдан білейін! Екеуін қайталап, тағы да бір-бір оқып шығып, салыстырып, өзің де бір ойланып көр. Меніңше, детективтің /детективтік шығарманың дегенім ғой / шыңы – «Золотой жук» - өгіз де өлмейді, арба да сынбайды. Сөйтсе де, қандай ғажап, а? Сила и мощь, блеск гениального духа. Гигант! Психологизмнің де, романтиканың, реализмнің де көкесі – сонда Эдгар По шығармаларында. Бірдеңе деген экскаватордың аспанға ұшатыны – фантастикада емес пе? Жалпы, батыс, әсіресе ағылшын әдебиеттерінің әрбір талантты өкілі өздері әрбір тәуір деген шығарма жазған сайын Эдгар Поға жарна төлеулері керек!

 

Жұмекен Нәжімеденов


Share:      
Leave a comment: