14.08.2026 жазбам

13.10.2026 10

ұмыттым деп ойлап едім, ұмытпаппын,
жүрегімнен ойып тұрып орын таптың.
сезімдерім енді өшкендей болып еді,
қиналғанда ойыма келіп жаттың.

сүюді тым оңай деп кім айтты екен?
қан жылады пәк жүрегім лүпілдеген
махаббатан бақыт нұрын көрмедім ғой
көрдім тек өз-өзімді еңкілдеген

ғашық болу аурумен тең шын мәнінде
махаббат...ол – бақытсыздық әбігерге
салдыратын жүректерді уайымдауға,
мәжбүр қылып, күні-түні күрсінуге.

қиналғаннан тырысамын ұмытуға,
жіберуге сүйгенімді сүйе тұра.
махаббат па, қайғы ма түсінбеймін
неге сонша ұқсайды азаптауға?

қасірет пе еді ғашық болу бар жүрекпен,
жаныңды беріп, ұнату махаббатпен?
сыйлау керек емес пе еді шаттық, бақыт
ғашық болу, сүю-күю шын ниетпен?

Пікір қалдыру: