Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Әбіш Кекілбайұлы» атындағы оқу залы ашылады

Блогтар

04.12.2018
7032

«Әбіш Кекілбайұлы» атындағы оқу залы ашылады

«Әбіш Кекілбайұлы» атындағы оқу залы ашылады

   Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай жаңа оқу залы ашылады.

   Жаңа залды ашудағы мақсат – қаламгердің өмірі мен шығармашылығы және оның әдебиет саласына сіңірген еңбегін кеңінен насихаттау. 

   ҚР Ұлттық академиялық кітапхана заманымыздың заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойын атап өту үшін көптеген жұмыстарды атқаруда.

   Жаңа залда автордың қазақ, орыс, ағылшын, неміс, болгар және украин тілдеріндегі кітаптары ұсынылып отыр. Сондай-ақ, іс-шара барысында Ә.Кекілбайұлының жеке кітапханасы қорындағы қаламгерлердің қолтаңба коллекцияларының жинағынан Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен жарық көрген «Қаламгер қолтаңбасы» кітабы таныстырылады.

   ҚР ҰАК қорында Ә. Кекілбайұлының көптеген шығармалары бар. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы базасындағы Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасының веб-порталында жазушымен авторлық келісім-шарт жасалынып, кітаптары оқырмандарға қолжетімді болып отыр. Оның бірнеше кітаптары цифрлық форматқа өтті: «Шыңырау», «Елең-алаң», «Құс қанаты», «Дала балладары», «Махаббат мұнарасы», «Заманмен сұхбат», «Ханша дария хикаясы».

   Аталмыш зал ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ашылмақ.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: