Адам деген кім?

20.08.2026 19

Адам деген кім?

​Адам деген — жұмбақ әлем, тұңғиық,

Бірде төмен, бірде аспандай тым биік.

Жүрегінде мейірім мен жарық бар,

Арпалысқан ішкі сырын ішке үйіп.

​Адам деген — әлсіз де емес, осал да,

Сүрінсе де қайта тұрар қашанда.

Ауыр ойдан иығына жүк бөктерген,

Ар-ожданды сақтап өтер қалай да.

​Адам деген — топырақ пен рух теңдігі,

Фани дүниенің көтеретін кеңдігі.

Шын бақыты — байлық пенен атақта емес,

«Адам» деген атын сақтау — ерлігі.

​Сыртқы сыны, заңы көп бұл өмірде,

Кір түсірмей жүре білу көңілге.

​✍️ Автор: Мұса Асан Бағытжанұлы

Пікір қалдыру: