Басты бет
/
Блогтар
/
ПОЭЗИЯ
/
Адам,шайтан арпалысқан майданда

Блогтар

15.10.2017
5279

Адам,шайтан арпалысқан майданда

Адам,шайтан арпалысқан майданда

Елік арман құздан құлап құрдымға,
Жылан жылдар бауырымен жылжуда.
Ашкөз уақыт аузын ашып ақырын,
Қызық қызық сәттерімді қылғуда.

 

Бірге туып бірге өлетін даң құрдас,
Болғансоң ба? тағдырымда қалжыңбас.
Ару дүнйе асылады мойныма,
Есімді алып мүсінімен талдырмаш..

 

Іші пысып аяңдаған айларға,
Ажал тісін қайрап отыр қай маңда.
Кімге сойыл сілтеп жүрмін білмеймін,
Адам,Шайтан арпалысқан майданда...

     Еркін Нұртай


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: