Блогтар
Барлығы
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
МАҚАЛА
12.12.2017
5391
Әдемілік
Әдемілік...
Жерігіп жүр соған бәрі,
Әдемілік дегенің өмір сәні.
Әдемілік сырт келбеті бойжеткеннің
Пенденің ойы бармас одан әрі...
Қиғаш қас, мөлдір көз бен шие ерні,
Алма мойны, аршын төс, қылдай белі
Жігіттердің ойына желік кіріп
Байғұс ғашық болмай ма, жоқ боп емі?
Шара жоқ, пенделерге таяз ойлы,
Сұлулыққа тек сыртқы көңіл тойды.
Ей, адамдар рух пен жанды елейді кім?
Кей арулар, әсемдікті ішкі жойды.
Әдемілік емес, мүлде сыртқы келбет,
Санамен зерлеп көрші, ойды тербеп.
Сұлулықтың ішкі-сыртқы үйлесімі
Міне, осы әдемілік, шын келбет.
Бөлісу:
Пікір қалдыру: