Блогтар
Барлығы
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
МАҚАЛА
04.05.2017
5873
АИДА
Шығыс жақты тырнап өссе таңдарда əн,
Бір сезімді аңсап тұрар қанды арнам...
Бүгін тағы əлдене іздеп жүргендей,
Шаршап қайтты ішкі əлемім жолдардан.
Күміс бұлтын тербеп ұшты аспан тым,
Көкжиекте күн көңілін басқан мұң.
Жаңбыр исі аралап жүр ауаны,
Сəби үнін іздегендей жас талдың.
Ой арқалап өткен шақтар көп түннен,
Жас тамады кəрі қайыңнан бет тілген.
Көктем келді деп ғашықтар қыдырды,
Ешбір көктем көріп тұрған жоқпын мен.
Мəңгі бітпес сырлы ертегім жайында.
Көктем өңін көрсетпейді қайың да,
Өскеменге көктем қашан келеді,
Шыныңды айтшы, көктем қыз-ау, Аида?!
Бөлісу:
Пікір қалдыру: