Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

19.04.2019
5289

Әке

Әке

Тағы бір күн өтіп, таң атты,

Бүгінгі айтылған мына сөз

Сай-сүйегімнен өткен қанжардай, 

Жүрегіме келіп қадалды.

 

 

Ол адамға мен не дейін?

Санасы жетіп тұрған деңгейін,

Қалай ғана түзетіп,

Тура жолға жөндеймін.

 

 

Мына әлемге келгенім

Өркөкірек мінезіммен,

Кеудемді соға жүргенім,

Сенің арқаң емес па?

 

 

Тек, сен менің асқар тауымсың

Сен қандай болсаң да 

Мейлі жаман атансаң да

Сен мен үшін ең сыйлысың!

 

 

Әкетайым, тек сен ауырмашы

Көз алдымда жүз жасап, 

Қызығымызға бөленіп, 

Шөбере сүйген шал болшы!

 

 

Сөйлегендер сөйлей берсін,

Айтқан ел айта берсін,

Мен үшін сен әлемдегі

Баға жетпес жанның бірісің!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: