Блогтар
АЛАШ ЖЕРІНДЕ АКМЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЛУБЫ
АЛАШ ЖЕРІНДЕ АКМЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЛУБЫ тұсауын кесті.
Халықаралық, отандық әлеуметтік, ғылыми жоба жұмыстарына қатысуға ынтасы зор, креативті жастар өз өтініштерін жіберуге мүмкіндіктері бар. Байланыс телефондары: + 7707 126 87 11; akme.international@mail.ru, akme.international@gmail.com Мекен-жайы: Семей қ., Әріп Тәңірберген көшесі, 1 үй, Әлихан Бөкейхан кампусы, 107 кабинет. Акме орталығы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Мақсаты: білім үлкен деңгейге шыққанда, біз көзқарасы бір, ғылым мен білім жолындағы әріптестердің және озық ойлы жастардың басын қосу.
Міндеттері:
Сананы рухани жаңғырту, инновациялық істерді жүзеге асыру, ел жастарының креативті ойларын жүзеге асыру.
Халықаралық диалогтық алаңдар жасау, ғылыми-әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.
Бұл жиынға арнайы Швецария, Корея, Польша, Үндістаннан: Швед Экономикалық мектебі ректоры, Джордан Доминики ( Jordan Dominique Guy – Rector of Swiss School of Economics, Switzerland); Корея, Кьюнгдонг университетінің Президенті Джон Ли (Lee John Kyu - President of Kyungdong University Global Campus in Korea); Кьюнгдонг университетінің Халықаралық стратегиялар жөніндегі директоры Чой Джей Кён (Choi Jae Keun –Executive director of international strategies of Kyungdong University Global Campus, South Korea); Польшадағы Силез технологиялық университеті проректоры Томаш Травински (Tomasz Trawiński – Vice rector for Students Affairs and Education of Silesian Сайжилинг University of Technology, Poland); Шарма Сандип (Sharma Sandeep – Vice rector for science and commercialization) т.б. шетелдік меймандар келіп, өз пікірлерін ортаға салды. «Акме» - адамзат баласы шығар ең жоғарғы биіктік. бұл - адами жетілудің шыңы. Рухани кемелдену. Акме- (Көне грек: akme — биік, шың, табыс, logos — ілім) адамның шығармашылық ғұмыры, кәсіптілік шыңга жетуіне өз-өзіне ықпал етуі. Өздігінен білім алу, кемелдену, өзін-өзі түзету, басқару, адами болмысын жетілдіруге қабілеттіліктің артып, толыққан, толысқан шағы. Клубтың алғашқы отырысына академик Ғарифолла Есім ағамыз арнайы келіп, өзінің келелі ойларын ортаға салды. Сонымен қатар бұл басқосуда Арап Еспенбетов, Дидар Амантай, Ерғали Есенжолов т.б. зиялы қауым өкілдері өз пікірлерімен бөлісті. ALAŞ JERİNDE AKME XALIQARALIQ KLWBI tusawın kesti. Maqsat: bilim ülken deñgeyge şıqqanda, biz közqarası bir, ğılım men bilim jolındağı äriptesterdiñ jäne ozıq oylı jastardıñ basın qosw. Xalıqaralıq dïalogtıq alañdar jasaw, ğılımï-älewmettik jobalardı jüzege asırw. Xalıqaralıq, otandıq älewmettik, ğılımï joba jumıstarına qatıswğa ıntası zor, kreatïvti jastar öz ötinişterin jiberwge mümkindikteri bar. baylanıs telefondarı: + 7707 126 87 11; akme.international@mail.ru, akme.international@gmail.com Meken-jayı: Semey q., Ärip Täñirbergen köşesi, 1 üy, Älïxan Bökeyxan kampwsı, 107 kabïnet. Akme ortalığı. Bul jïınğa arnayı Şvecarïya, Koreya, Polʹşa, Ündistannan: Şved Ékonomïkalıq mektebi rektorı, Djordan Domïnïkï ( Jordan Dominique Guy – Rector of Swiss School of Economics, Switzerland); Koreya, Kʹyungdong wnïversïtetiniñ Prezïdenti Djon Lï (Lee John Kyu - President of Kyungdong University Global Campus in Korea); Kʹyungdong wnïversïtetiniñ Xalıqaralıq strategïyalar jönindegi dïrektorı Çoy Djey Kyon (Choi Jae Keun –Executive director of international strategies of Kyungdong University Global Campus, South Korea); Polʹşadağı Sïlez texnologïyalıq wnïversïteti prorektorı Tomaş Travïnskï (Tomasz Trawiński – Vice rector for Students Affairs and Education of Silesian Sayjïlïng University of Technology, Poland); Şarma Sandïp (Sharma Sandeep – Vice rector for science and commercialization) t.b. şeteldik meymandar kelip, öz pikirlerin ortağa saldı. Akme - adamzat balası şığar eñ joğarğı bïiktik. bul - adamï jetilwdiñ şıñı. Rwxanï kemeldenw. Akme- (Köne grek: akme — bïik, şıñ, tabıs, logos — ilim) adamnıñ şığarmaşılıq ğumırı, käsiptilik şıñga jetwine öz-özine ıqpal etwi. Özdiginen bilim alw, kemeldenw, özin-özi tüzetw, basqarw, adamï bolmısın jetildirwge qabilettiliktiñ artıp, tolıqqan, tolısqan şağı. Klwbtıñ alğaşqı otırısına akademïk Ğarïfolla Esim ağamız arnayı kelip, öziniñ keleli oyların ortağa saldı. Sonımen qatar bul basqoswda Arap Espenbetov, Dïdar Amantay, Erğalï Esenjolov t.b. zïyalı qawım ökilderi öz pikirlerimen bölisti.