Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
«Әлем әдебиетіндегі алып тұлға»

Блогтар

13.12.2018
6573

«Әлем әдебиетіндегі алып тұлға»

 «Әлем әдебиетіндегі алып тұлға»

 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қырғызстанның халық жазушысы, танымал мемлекеттік және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Әлем әдебиетіндегі алып тұлға» атты еске алу кеші болып өтті.

 

Іс-шараның мақсаты Шыңғыс Айтматовтың мұрасын танымал ету және Айтматов оқулар мәдениетін қалыптастыру. Ұлы жазушының прозалық жұмысын және оның әлемдік мәдениетке әсерін талқылау. Ұлы жазушының, ойшыл-философтың, журналист және дипломаттың естелігін құрметтеу, сондай-ақ, қоғамға табиғат пен адамдар арасындағы үйлесімді сақтау мен барлық адамзатты құтқару туралы Шыңғыс Айтматовтың терең философиялық ой-пікірлерін түсіндіру.

 

Кеш барысында «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбында қаламгердің кітаптарының және фото көрмелері өтті.

 

Іс-шараға Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кулубаев Жээнбек Молдоканұлы, Жазушы, әдебиеттанушы, журналист, кино сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Әбдірахманов, Тіл жанашыры прозашы, қоғам қайраткері, жазушы, журналист  Сәдібек Түгел, ақын, драматург, жазушы, сатирик Баянғали Әлімжан, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Болат Бодаубай, ақын, прозшы, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы-журналист Марат Мәжитов, прозашы Сүлеймен Мәмет, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, ғалым, аудармашы, публицист Бақытжан Тобаяқов және  Қазақстан мен Қырғызстанның ғылым және мәдениет қайраткерлері, әдебиеттанушылар, мәдениет орталықтарының өкілдері және кітапханашылар қатысты.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: