Блогтар
Алматы облысының екі ауданында балалар мен жастардың бос уақытын өткізу орталықтары ашылуда
Бүгінгі күні Алматы облысының екі ауданында балалар мен жастардың бос уақытын өткізу орталықтары өз жұмыстарын атқаруда. Оның бірі Сарқан ауданында орналасса, бірі Ескелді ауданының Алдаберген ауылында орналасқан. Әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру, балалар мен жастардың өсуі мен дамуы үшін қажетті қолайлы жағдайлар жасау арқылы әр орталықта домбыра, ән айту, шахмат-дойбы-тоғызқұмалақ, қолөнер, ата-аналармен тренингтер, мектепалды даярлық т.с.с. үйірмелер ашылған болатын. Жергілікті, әлеуметтік осал топтарға жататын, аз-қамтылған, көпбалалы жанұялардың балалары өз уақыттарын тиімді пайдаланып, тегін үйірмелерге қатысып, білімдерін шыңдай түсуде.
Екі ауданда 100-ден аса баланы қамтыған бұл жоба Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен осы жылы алғаш рет жүзеге асуда. Аз уақыттың ішінде аудан тұрғындарының көңілдерінен шығып үлгерген жоба басқа аудандардың да қызығушылығын арттырған болатын. Осындай жобалардың арқасында, бірталай әлеуметтік мәселелер өз шешемін тауып, ауыл балалары мен жастарының потенциалдары арта түсуіне септігін тигізетініне кәміл сенімдіміз.