Апа
Мен үшін қымбат жанның бірі — сіз,
Біздің үйдің берекесі, гүлі — сіз.
Анам менің туғанымдай болғанмен,
Анашымның бейнесі, жүзі — сіз.
Анам мені сізге тастап кеткенде,
Мына маған шыдамыңыз жеткенде.
Әлі есімде, нан мен майды тойдырып,
Өсірдіңіз қысы-жазы, көктемде.
Әй, апашым,
Мен есейдім, күлкі керіп тұрсыз.
Он жыл бұрын қандай едім — ішкі мұңсыз.
Біз баламыз, бала болдық сол бір кезде,
Мен түсіндім, мен білемін — есейдім.
Сіздерсіз мен бишарамын, кедеймін,
Жеті қанат туысым бар, шүкір деймін.
Бұл тағдырға шүкір демей не деймін?
Тағы оқимын сіз сексенге толғанда,
Оқи берем, оқи берем тоқтамай.
Сізге арнайтын жылы сөздер көп талай,
Кетпейін мен алыс, бәлкім, тереңге.
Қосайын деп шештім бәрін өлеңге.
Аз уақытта гүл де қурап солмайды,
Ең бастысы — сіз жүріңіз дін аман.
Әйтпесе де біздің көңіл толмайды.
