Блогтар
Барлығы
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
МАҚАЛА
22.06.2019
4735
Ақын табиғаты

Сұраса, кім дер едің ақын деген?
Табыстырған сезімді ақылменен.
Сұлулықтың бас иген тәңіріне,
Қара жерге кіргенше ақыр денең.
Ырық бермей түнерген төзімге мұң,
Таң да атты, тағыда көз ілмедің.
Мұнар бұлтқа мұң шағып барып сіңді,
Жылу іздеп, сенделген сезімдерің.
Бір үн келед жұлдыздан күбір-күбір,
Оятар терезеден төгілген нұр.
Ақын - муза, ақын - күй шертілмеген,
Өлмес ұрпақ артыңда өлең-ғұмыр.
Биік қояр бәрінен ар-ұятын,
Таусылас өмірге азық - жыр жиятын.
Әлем сырын зерттеуден қиын түсер,
Түсіну ақындардың табиғатын.
Бөлісу:
Пікір қалдыру: