Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

10.07.2020
3783

Астана

Астана

Астана-елімнің соққан жүрегісің,

Мәңгілік жайнайтұғын тірегісің.

Ешбір шаһар тең келмеген өзіңе

Әлемнің жайқалған нұр кілемісің.

Астана-қазағымның жас қаласы,

Тәуелсіздік ордасы-бас қаласы.

Сенімі мол рухани жаңғыратын,

Еңсесі тік,берік болсын босағасы.

Бәйтеректей монументі қала көркі,

Ақ Ордамен,Ханшатыры дала түркі

Экспомен дүйім жұртты таң қалдырған

Астанам күллі әлемді жаңдандырған.

Міне,бүгін толдың сен жиырма жасқа,

Ойып жазар атыңды жаңа тасқа.

Елімнің саған артқан үміті зор

Елімнің ел бірлігін мәңгі сақта


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: