Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ӨНЕР
Астанада алғаш рет әдеби-сазды бал өтті

Блогтар

12.12.2017
8360

Астанада алғаш рет әдеби-сазды бал өтті

Астанада алғаш рет әдеби-сазды бал өтті

 

2017 жылдың 8 желтоқсанында елбасымыздың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасына орай, Қазақстан орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен Əдеби-сазды бал өтті.

 

Салтанатты думанның басты мақсаты – жастарды мәдениет пен өнерге баули отырып, мәдени жетістіктерді паш ету.

 

«Қазақ­стан» концерт залының зәу­лім әрі кең фойесінде өткен бұл шараға мемлекет қайраткерлері, университет ректорлары, дәстүрлі ән-би өнерін насихаттаушы әнші мен бишілер, балет әртістері, ақын-жазушылар және т.б. көптеген қонақтар қатысты.

Сондай-ақ, кітапхана ұжы­мы «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасымен үндес оқулықтардың көрмесін өткізді. Отандық әрі әлемге танымал ақындар мен жазушылардың үздік туындыларымен бірге, жиналған қауым өткен ғасырдың 1920-1940 жылдарында латын әліпбиінде жарыққа шыққан кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. 
 

Әдеби қаhармандар бас қосқан бұл кеште кітаптан жасалған инсталяция, образдарда киінген Томирис, Джулетта мен Ромео, Алдар көсе және батырлар болды.

 

Тамылжыған əндер де орындалып, жырдан шашу шашылды. Күмбірлеген күй кеш сәнін ашып, веналық Полонез және қазақ вальсі тарту етіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кішкентай биші балалар мен жеткіншектер де өз өнерлерін ортаға салды. 

 

Салтанатты бал кешінің «Ханзадасы мен ханшайымы» - Дастан Оңдашев пен Раушан Муталипова, ақын Анар Қабдуллина - «Жыл оқырманы», сондай-ақ, «Образды киім», «Жыл ақыны» т.б. көптеген номинациялар анықталды.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: