Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Ауыл артық немесе Санамдағы сағыныш-жыр

Блогтар

24.07.2017
4473

Ауыл артық немесе Санамдағы сағыныш-жыр

Ауылдың қыраттары, жылғалары,       
Жайымен өзгермей ме, жылда бәрі?!
Бұ жолы жанарыңнан жасың емес,        
Санамнан сағыныш-жыр сырғанады.

Өремді беруші еді уақыт өріп,
Қойнына алатұғын бақыт, көрік. 
Шаң-жолы шығармаңа арқау болып,
Жататын жүректерге шабыт беріп.

Бірі отын таситын, бірі бұтап,      
(Тіршіліктің тіл қатқан «тілі» қымбат)
Қарттарын  қазынаға балайтынбыз,
Ал, олар кәдуілгі тірі-кітап.

Ауылға жиі барам бауырлатып,  
Болмаса, жұбаныш жоқ жаныма түк.
Тас-кілем төсенішім бола алмай жүр,
Шаң-кілем төсеп берген ауыл артық...

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: