Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ӨЗ ОЙЫМ
Автобустағы әңгіме

Блогтар

26.04.2019
8773

Автобустағы әңгіме

Автобустағы әңгіме

                            

Күнделікті менің жұмысым танертеңгі 8-дер шамасында автобусқа мінуден басталады. Бірен-саран бөтен адамдар болмаса, сол күнде көріп жүрген адамдар, сол аялдама. Әңгіме осы жерден басталады. Автобус келгенге дейін. Менің айтайын деп отырғаным «ерекше» адамдар туралы. Аты-жөнін білмесем де анадайда құлағына ұялы телефонын жапсырып бір келіншек келе жатады. Түрін әбден жаттап алғам, жасы отыздарға кеп қалған. Ол автобусқа келгенге дейін, оған отырғаннан соң да телефонмен әңгімесін жалғай береді. Оның түсетін аялдамасына дейін көлік 25-30 минут жүреді. Сол сөйлескеннен баратын жеріне жетіп түскенде де сөйлесіп кетіп бара жатады. Күнде осылай. Ауа райының қолайсыздығы аяз, қар еш кедергі жасамайды. Сегіз болмай. Жол бойы! «Ерекше» ме – ерекше.

 

Жұмысқа жеткенге дейін, бір сағаттың ішінде талай қызықты жайттардың куәгері боласың. Автобусқа сыймай жатқан адамдар, орын бермей жатқан жастар, ортаға жылжымай тұрғандары тағы бар. Терезе мәселесі ол бар. Біреу аш десе, біреу ашпа дейді. Содан неғыласын айқай-шу – бірақ «көңілді». Орын беру дегеннен шығады, жастар құлақтарына наушниктерін тағып алып таң атпай мүлгіп отырады. Адамдар әдетте түнде ұйықтап, күндіз ояну керек қой. Жоқ бұлар керісінше. «Ерекше» ме – ерекше.

 

Автобустағы әңгімелер қызық-ақ. Еріксіз тыңдауыңа тура келеді. Кейбіреулердің телефонмен сөйлескенде дауысы қатты-ақ. Соның арқасында еститінің неше-түрлі әңгімелер. Бір келіншек телефонмен сөйлесіп жатыр. Поликлиникадан қоңырау шалыпты. Келесі күні қаралуға  баруы керек екен. Баратын уақытын, мекенжайын, қай кабинет екенін бәрін біліп алдық. Ары жағынын қарайтын дәрігері бір сұрақтар қойды ғой деймін, бұл келіншектің бұрыннан гипертониямен ауыратынын, бір жерінде спиралі жоқ екенін, онымен қоса куйеуі де жоқ екенін біліп алдық. Осы әңгіменің бәрі қоғамдық көлік ішінде. Ал керек болса! «Ерекше» ме – ерекше.

 

Қазіргі нанотехнология заманында жетіліп, дамып кеткен түрлі-түрлі телефондар, смартфондар. Біреуінде «Айфон» болса, біреуінде «Самсунг» тағы басқадай дегендей. Осы телефондар арқылы алдында тұрған адамның  «инстаграм»желісін еріксіз көріп тұрасың. Өйткені көлікте адам көп, жылжу мүмкін емес. Мына бір алдымда тұрған жас келіншектің ватцабын амалсыз оқып тұрмын. Оқымау мүмкін емес, дәл алдымда тұрып алып, қымсынбай ішіндегі шерін тарқатып жатыр. Жиналып-ақ қалған екен. Жас шамасы жиырмадан енді асқан, бірақ көрмегені жоқ екен. Үйленгендеріне 1-2 жыл болса керек. Күйеуімен жазысып жатыр. Жазып жатқаны: өмірінің күнделікті бір сарынмен босқа өтіп жатқаны, жұмыстан шаршағаны, үйге келгенде үйдің тірлігі, тамақ жасау. Бір жаққа кетіп, бәрін ұмытып демалғысы да келеді екен. Өмірлерінде ешқандай романтика жоқ, тек ерлі-зайыптылар арасындағы әйелдік міндетін ғана атқарып қояды екен. Бұлардың үйленгендері енді ғана, өмірлері енді басталды, бірақ әлден түңіліп кеткен. Сонда ойлап қоям, олардың алдағы күндері не болмақ? Ия, арасында жазып қояды, бұлай күн кешуге болмайтынын, бір өзгеріс керек екенін. Түрі әп-әдемі, қолында алтын неке сақинасы бар, киімі де тәп-тәуір. Білмеймін не қиындық көріп жүргенін. Бақытты болсын әйтеуір, әлі жас қой. Тағы-тағы осы сияқты әңгімелер көп. Бұл бір күнде болған жағдайлар. Қайсыбірін айтасың. Бұл мәселені  айтып отырған себебім, кай жерде болсақ та мәдениетті, тәрбиелі болайық. Әсіресе көпшілік жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте. Тәрбие тал бесікпен қоса маңайыңнан да басталатынын естен шығармайық.
                                                                  


                                                                                        25.04.2019 жыл
                                  


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: