Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Бабалар аманаты

Блогтар

01.10.2019
6573

Бабалар аманаты

Бабалар аманаты

Құмша көшіп жыл өтсе де мыңдаған,

Көнекөзден тағлым алып, тыңдаған.

Салт пен дәстүр жаңғырады санада

Әдебиет пен мәдениетке шыңдаған.

 

Бабалардан бізге жеткен қазына,

Ғасырлардың төзіп келген назына.

Ақтабан мен Алқакөлдің мұң-шерін

Қоса жетті баяулатқан сазына.

 

Ашаршылық ашса-дағы құшағын,

Не бір зұлмат кездессе де күш ағын.

Бізге өсиет болып жетті мұқалмай,

Уақыт жонып тұрса да мың пышағын.

 

Жаугершілік, шапқыншылық, сұм соғыс,

Бұза алмады салт-дәстүрдің тұмсығын.

Солар ғана елді бекем қорғады,

Кетпесін деп намысына қол сұғып.

 

Ажырамай жүрер ылғи бір елі,

Салт пен дәстүр ұлт жанының тірегі.

Бабалардың аманаты ұрпаққа

Аналардың ақ сүтімен сіңеді.

 

Сондықтан да қадірлейміз, қастерлеп,

Сұм тағдырда татпасақ деп жас кермек.

Бабалардың аманатын құшақтап,

Замананың зарлы көшін ұзатқан,

Ел-жұртыма сыйла Тәңір, бақ, дәулет.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: