Басты бет
/
Блогтар
/
ПОЭЗИЯ
/
Балаларға арналған өлеңдер

Балаларға арналған өлеңдер

13.05.2026 76

Қошақан
Қошақанды күнде өзім бағамын
Таңертеңнен онымен бірге баққа мен де барамын
Ол бірақ та бақта адасып кетеді
Ал мен оны даладан кейін табамын

Кемеше
Басымда матростың бас киімі
Қолымда болса ұзын жіптің иіріні 
Кемені тартамын оныменен
Жылдам өзен бойыменен
Ал артымнан секіреді бақалар
Өтініш жасап ойыменен:
Айналдыршы деп бізді де бір кемемен

Сауысқан
Әй сауысқан сауысқан
Жұмыртқа жеп тауысқан
Оған бүгін тимегін
Бақылап жатам алыстан
Соны жеп барам сабаққа,
Қалмауым керек табыстан

Мал кезек
Қандай рахат мал кезекке шығу деген 
Әр барғанда жайлаудан ой түйіп келем
Үйден шығып айран менен нан алып
Кешке қарай қайтып келем мал бағып

Қырғауыл 
Біздің ауылдың тағы көркі қырғауыл
Оны атуға әуес қолында бар қару
Түрлі-түсті қауырсынмен ерекше дауысымен 
Ауылымда көбейе берсін қырғауыл

Қарға 
Ақылды құс қарға деген
Басқа құстар кеткенде қарға келген
Қарға екті далаға жаңғақ талды
Еккені әдемі боп өсіп қалды

Алмұрт
Бұл ағашым бақшада аз орын тепкен
Сонда да дастарханға аман жеткен 
Суғарамын, қараймын оған әркез 
Піскенін күтіп жесең тәтті неткен

Тырналар
Алыста ұшқан тырналар
Оларды байқағандар таба алар
Тәртіппен ұшқан тырналар
Сендерге өлеңім арналар

Трактор
Тракторлар жасайды көп жұмысты
Болады дихандар да табысты
Трактордың артынан құстар ерер
Жерден олар қоңыздар мен шылаушын терер

Теректер
Тізбектелген ұзын-ұзын теректер
Ауламызға әдемілікке керектер 
Бөлексіңдер бәрібір ей теректер
Толмаса да жемістерге себеттер

Суға түсу
Жаздың күні, шілде болғанда
Күн ысып, төбеге қонғанда
Суға түсуге рұқсат болғанда
Қалар мем сонда арманда

Түнгі аспан
Түнде аспан әдемі түске енеді
Жымыңдай ай мен жұлдыз кеп төнеді
Оны көріп мен де бір шабыт алам
Болашақта халқыма қызмет етіп
Менде бір жарқыраған жұлдыз болам

Қаламым
Өмір бойы маған серік қаламым
Сен арқылы жақсылықты жазамын
Семен бірге үйреніп ғылым-білімді
Екі дүниеде үлкен табыс табамын

Қырғи
Қырғилар біз жақтарға кеп тұрады
Қарны ашса майда құстар жеп тұрады
Көбейсе қырғи, бүркіт, ителгілер
Құстарды ұшып келіп дөп ұрады

Аспанда қалықтайды қырғи құсы
Көзі ұшқыр, майысқан тұмсық тұсы

Менде қырғилардай қырағы болам
Шыңдарды бағындырып, биіктерге қонам
Әжем тоқыған киімдер
Әжем тоқып береді маған киім
Деп маған - айналайын жылы киін
Сол киімде бөлек бір мейірім бар
Оны мен ауыспас ем берсе де қанша тиын

Махабатпен жасалған іс өнеді
Өмірге де сол мән береді
Кіші кезден дамытсақ сол ісімізді
Өскенде ол да бізге нан береді

Масахана
Жаздың күні далада, таза ауада
Мен жатамын армансыз масаханада
Ауылда жүріп, тапшанға жатып көрмесек
Соны демалдым деп айтуға енді бола ма

Кітап
Кітап менің досым мәңгілікке 
Ол тұрмайды тек сәнділікке
Кітап оқып жүремін әрқашан да
Ол үйретеді өмірдегі мәнділікке

Күн мен түн
Күндіз сабақ оқып, ата-анама көмектесем
Ал түнде демалып, рахат кешем
Күнде бір пайдалы іс бітіріп
Ертең нағыз тұлға боп өсем

Кемпірқосақ 
Жаңбыр жауып күн шығып тұрса егер
Аспанға кемпірқосақ келер
Оны біз тамашалап қараймыз
Түстерін ішіндегі санаймыз

Мектеп
Сабаққа күнде барамын
Жоғары баға аламын
Мектепті жақсы бітіріп
Керемет маман боламын

Жаман әдет
Жаман әдет - еріншектік, жалқаулық
Болмау керек ондай менде ақаулық
Олардан алыс мен болайын
Сол арқылы жақсылыққа толайын

Жаман әдет - темекі мен арақ бұл 
Бұған жақын әрқашанда болар тұл
Бұлардан сен аулақ бол
Болмағын сен нәпсіге құл 

Жаман әдет - уақытты бос өткізу
Сол арқылы берекені кеткізу
Ары қарай ойланыңдар балалар 
Біздің мақсат ескерту мен жеткізу

Жақсылықта жарысу 
Жақсылықта жарысайық балалар 
Сонда біздің жай-күйіміз оңалар
Әке - шеше, жақындарға, бәріне
Жақсылықты көбейтейік, таралар
Ал мектепте жақсы оқып сабақты
Ала бергін үздік сен де бағалар 
Әрқашанда біріміз бен біріміз
Жарысайық жақсылықта балалар 
 Болса егер жақсы ниет ұраның
Сонда ғана көбейеді даналар мен даралар

Бауырластық 
Бауырластық керемет бір қасиет
Болмаса ол үлкен бұл бір қасірет
Бұрынғылар бауыр боңдар деп
Қалдырыпты бізге асыл өсиет

Білім
Тал бесіктен көр бесікке білім аламын
Сол арқылы екі дүниеде бақыт табамын
Біліміммен пайдалы боп әрқашан
Жетістік жолына мәңгілікке барамын

Пікір қалдыру: