Бапы Ашимовтың өлеңдері

12.10.2026 188

Ашимов Бапы

Ашимов Бапы 1934 жылдың 10 мамырында Қырғыз КСР-і Ош облысының бауырайындағы бау-бақшалы Сеңгір ауылында дүниеге келген.

Жасынан білімге ұмтылған ол 1962 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина институтын ойдағыдай аяқтап, ақ халатты абзал жан ретіндегі алғашқы еңбек жолын Өзген аудандық ауруханасында дәрігер-невропатолог болып бастайды. Өз ісіне деген адалдығы мен біліктілігінің арқасында 1964 жылы Фрунзе қаласындағы Қырғыз мемлекеттік медицина институтының Жүйке аурулары кафедрасына клиникалық ординатор болып қабылданады. Ординатураны бітірген соң, 1966 жылдан бастап Фрунзедегі № 7 қалалық емханада дәрігерлік қызметін абыроймен жалғастырады.

1969 жылы Ашимов Бапы Қырғыз КСР ІІМ Түзеу-еңбек мекемелері басқармасының автокөлік кәсіпорнына дәрігер-терапевт болып қабылданып, кейін ішкі әскердің медицина қызметінің лейтенанты шенінде психотерапевт ретінде әскери сапқа тұрады.

Тағдыр жолы оны Қиыр Шығысқа бастап, 1977 жылдан бастап Сахалин жерінде, Южно-Сахалинск облыстық Ішкі істер басқармасының ауруханасында психотерапевт болып ұзақ жылдар еңбек етеді. 1989 жылы Ішкі істер органдарындағы қызметін аяқтағаннан кейін де қоғам игілігінен шет қалмай, Сахалин облыстық Азаматтық қорғаныс штабында, кейіннен 1991 жылдан бастап Южно-Сахалинск қаласының № 2 және № 3 емханаларында психотерапевт болып ел саулығы үшін аянбай тер төкті.

Ел игілігі жолындағы ерен еңбегі мен әскери антқа адалдығы үшін алған марапаттары:

·         III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі;

·         II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі;

·         Көпжылдық маңдай тері мен адал қызметі үшін «Еңбек ардагері» медалі;

·         «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысының ардагері», «Соғыс балалары», «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» және «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік әрі мерейтойлық медальдары.

                     Жер ана

Алла бұйырып бізге берген жер анамыз,

Балын татып, суын ішкен біз болғанбыз.

Астық пісіп, шөп көгеріп, тал гүлдесе,

Біз де ерекше мәз-мейрам боп қаламыз.

 

Жеріміздің талын өртеп, бұлақ суын құртпайық,

Жер бізге Асыл ана ұмытпайық.

Әлемдегі халықтың бәрі қол ұстасып,

Анамыздың мейірім отын суытпайық.

 

Жер ананың бетінде ракета, бомбалар жарылмасын,

Базарында елді улантқан тағамдар сатылмасын.

Адамдарды долларға сатып алып, наём етіп,

Тыныштық сүйген жер ананы елді бұзып шақырмасын.

 

Біз білеміз жер анадан жаралғанын,

Аллах тағала, Алламыздан жан алғанын.

Қаламаймыз бомба түсіп жарылып,

Сынықтары жанды алып, жас жүреккке қадалмасын.

 

Атом бомбасы жарылса жер ананың бетінде,

Миллиард жыл жан болмайды жер үстінде,

Ойламағын, елді қырсаң: «жердің бәрі менікі-деп»,

Өзің дағы жоқ боласың елімен бірге!

 

Тынытштық сүйген жер бетіндегі барлық ел,

Долларға бала стпа, қорға елді

Ояныңдар, ойланыңдар!Түк болмайды сенің балаң,

Кімдер үшін қанды төгіп жанын берді.

                                                                                                        14.10.2025ж

 

              Тыныштықты қалаймын

 

Мен қалаймын тыныштықта сәбилердің туылғанын,

Мешіттерден «Аллаһ деп» азандардың шақырылғанын.

Тыныштықты сүйген еліміздің құрметіне,

Сәбиге жұма намаз оқылғанын.

 

Мен қалаймын егін пісіп, күз болғанын,

Егін еккен елдердің орта жасы жүз болғанын.

Тынытштық болып, таза ауада химиясыз егін егіп,

Ел жұртыма ақ көңілі түз болғанын.

 

Мен қалаймын елдің бәрі бірігіп бір болғанын,

Жер бетінде ашық аспан, күн болғанын.

Балалар өссін деп саулықта, соғыс болмай,

Елін сүйіп, шекараны қорғар ер болғанын.

 

Мен қалаймын тыныштық болсын әрдайым,

Жер көгеріп, ел көбейіп, қурамасын ақ қайың.

Ракета, бомба түскен қалалардан жарын таппас,

Іздемесін жас жұбайлар жас жарын.

 

Жалған сылтаумен соғыс ашып, елін қырып,

Жер байлығын халықтан алған, аузын жырып.

Баратұғын жері жоқ «қалың халқы»,

«Жерден бер» - деп қу ажалға қолын созып.

 

Пікір қалдыру: